• Пн. Апр 29th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Қарағанды:Саяжайларда өртке жол бермеу!

Автор:REVIZORRO

Апр 29, 2020

Қарағанды облысында саяжай маусымы ашылды.

Саяжайлар мен бақшалар жыл сайын өз учаскелерін тазалау және егіс жұмыстарын бастады.

Көктемгі-жазғы кезеңде саяжай учаскелерінде өрттің пайда болу қаупі айтарлықтай артады.

Көктем келісімен облыста саяжай алқаптарында 6 өрт орын алды, ал өткен 2019 жылы саяжайларда 64 өрт тіркелді.

Саяжайлардың жануының ең көп тараған себептері тастанды темекі, сөндірілмеген алау және басқа да ашық жалынның көздері (мангал, барбекю), жанғыш заттармен абайсыз болу болып табылады.

Бұдан басқа, өрттің себебі тозған электр сымдары, қолдан жасалған немесе жөнсіз электр аспаптары мен пештер болуы мүмкін.

Қарағанды облысының ТЖ департаменті өрт қауіпті кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертеді! Алау жағу және қалдықтарды жағу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта жүзеге асырылуы тиіс. Ал желді ауа райында алау жағуға болмайды.

Елді мекендер мен ұйымдардың аумағында жанғыш қалдықтардың үйінділерін орнатуға тыйым салынады, олар уақытында шығарылуы тиіс.

Қалдықтар мен ыдыстарды осы мақсаттарға арнайы бөлінген орындарда жағу бақылаумен жүргізілуі тиіс.

Электр сымдарын, жылыту құралдарын, пештерді тексеру, қажет болған жағдайда жөндеу және ауыстыру қажет.

Қарағанды облысы ТЖД

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?