• Вт. Май 14th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ШАРАЛАРҒА ҚАТЫСУҒА ДАЙЫНСЫЗ БА?

Автор:REVIZORRO

Май 15, 2019

Осы тақырыпта жүргізілген сауалнама нәтижелері бүгін талқыға салынды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті мен «Түркістан — адалдық алаңы» Жобалық кеңсе мамандары бірлесіп биылғы жылдың сәуір айында облыс орталығындағы жоғары оқу орны мен колледж студенттері арасында сыбайлас жемқорлық көріністерін анықтау және алдын алу мақсатында жасырын сауалнама жүргізді.

Сауалнама жүргізудің басты мақсаты — өңірдегі сыбайлас жемқорлық мәселелерін зерттеу болып табылады.

Сауалнамаға өңірдегі 5 мыңға жуық студенттер мен оқытушылар қатысты. Оның ішінде, халықаралық оқу ордасынан 100-ге жуық оқытушылар мен 600 — ден аса студенттен сауалнама алынды.

Жүргізілген сауалнама қорытындысын талқылау мақсатында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің декандары мен кафедра меңгерушілері арасында кездесу өтті.

Кездесу аясында Департаменттің басқарма басшысы Н.Құдайбергенов сауалнама қорытындысы туралы хабарласа, университет жанынан ашылған Саналы Ұрпақ Жобалық кеңсе жетекшісі Б.Накипов  оқу орнында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайы туралы баяндама жасады.

Кездесу барысында Университет басшылығы сыбайлас жемқорлықты жою бағытында кешенді шаралар жүргізетінін жеткізді.

Жиын барысында Департамент өкілі тарапынан екі ұсыныс енгізілді, атап айтсақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы шараларға студенттерді  кеңінен тарту және жемқорлықпен күресуде әрбір адамның рөлі маңызды екенін студенттерге кеңінен насихаттау.

Білім беру ұйымдарында жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруда бағытында бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.
«REVIZORRO»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?