• Вт. Май 14th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

АҚШ үкіметі IQOS-тың темекімен салыстырғанда зиянды заттарды аз бөлетінін растады және оны елде сатуға рұқсатын берді

Автор:REVIZORRO

Май 15, 2019

FDA (Food & Drug Administration — Азық-түлік және дәрі-дәрмектерді басқару) IQOS темекіні қыздыру жүйелерін АҚШ аумағында сатуға рұқсат берді және IQOS әдеттегі темекіге қарағанда зиянды заттарды әлдеқайда аз шығаратыны туралы мәлімдеді.

Жану үрдісі орын алатын темекіден айырмашылығы — IQOS темекіні қыздырады. Бұл — АҚШ-та сатылуға рұқсат етілген алғашқы электрондық темекіні қыздыру  жүйесі.

FDA хабарламасына түсініктеме бере отырып, Philip Morris International компаниясының бас директоры Андре Каланцопулус былай деп мәлімдеді: «FDA-ның АҚШ-тағы IQOS-ты сатуға рұқсат беру туралы шешімі шамамен 40 миллион темекі шегетін америкалық ерлер мен әйелдер үшін маңызды қадам болып табылады. Кейбіреулер темекі шегуден бас тартады, ал көптеген адамдар бұл әдетті жалғастырады. Міне, осылар үшін IQOS темекі шегуді жалғастырудың орнына түтінсіз баламаны ұсынады. 2 жылда бүкіл әлемде 7,3 миллион адам темекі өнімдерін тұтынудан бас тартты және IQOS-қа толығымен ауысты. Бүгінгі FDA шешімі америкалық кәмелетке толған темекі шегушілер үшіносындай мүмкіндікке жол ашып отыр».

Қазіргі уақытта Philip Morris International IQOS гаджеттерін, Marlboro Heatsticks, Marlboro Smooth, Menthol Heatsticks және Marlboro Fresh Menthol Heatsticks хитстиктерін сатуға құқылы. PMI АҚШ-тан басқа барлық нарықтарда жұмыс істегендіктен, АҚШ-та өнімді Altria корпорациясы сатады.

IQOS аэрозолындағы токсиндердің аздығы туралы мәлімдеме бойынша FDA-ның шешімі Philip Morris International компаниясының жеңісін білдіреді. Бұл технология компанияның темекі шегудің орнына «түтінсіз болашаққа» қол жеткізуінің кілті болып табылады.

PMI акцияларының бағасы шешім шыққан күні 2% өсті.

Өткен жылы қаупі төмендетілген өнімдер PMI компаниясына $ 4,1 млрд-тан астам пайда әкеліп, жалпы кірістің шамамен 14%-ын құрады. Компания 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 38-42% -ға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

2014 жылы Жапония мен Италияда IQOS іске қосылғаннан бері ол өз қызметін әлемнің 47 еліне кеңейтті.

FDA (Азық-түлік және дәрі-дәрмектерді басқару) — Азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмектердің сапасын бақылау жөніндегі әкімшілік, АҚШ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет министрлігінің агенттігі. Бұл әлемдегі тамақ өнімдерінің сапасын, дәрілік заттарды, темекі өнімдерін және т.б. бақылайтын ең беделді ұйымдардың бірі болып табылады.
«REVIZORRO»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?