• Пн. Май 20th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Атыраудан Мақтарал ауданына алғашқы гуманитарлық көмек жөнелтілді.

Автор:REVIZORRO

Май 7, 2020

Атырау халқы жинаған 150 тонна азық-түлік, киім-кешек тиелген гуманитарлық көмек Атыраудан Түркістан облысына аттанды. Жолға 6 ауыр жүк көлігі, 20 газель және 2 жеңіл машина шықты- деп, Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сонымен қатар, Атырау қаласының тұрғындарынан бөлек, мұнайлы өңірге қарасты барлық жеті аудан халқы жинаған 15 миллион теңгедей қаражат Мақтаарал халқына беріледі.

“Бұйырса екі тәулік шамасында атыраулық ағайынның аманатын Мақтааралға жеткіземіз.​ Талай қиындықты халқымыз бірліктің арқасында жеңген. Бұл сынақты да бірге еңсереміз. Біз біргеміз!”-дейді ұйымдастырушылар.​

Қазіргі кезде тағы екі көлік жолға ​ дайындалып жатыр.

Бұның сыртында Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен Мақтааралға көмек көрсетуге үшін ашылған арнайы қорға атыраулықтар тарапынан қаржы жиналып жатыр. Сонымен қатар, гуманитарлық көмек көрсету жұмыстары да жалғасады.

Еске сала кетелік, санаулы күндер бұрын​ Өзбекстандағы су бөгеттерінің бірі бұзылып Түркістан облысының​ Мақтарал ауданын тасқын су басқан болатын.
Атырау облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?