• Пн. Май 20th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Күтпеген жерден екі ел арасында атыс болды

Автор:REVIZORRO

Май 8, 2020

Қырғызыстан және Тәжікістан шекарасында, ағымдағы жылдың 8 мамыр күні түстен кейінгі уақытта бір қаншама оқ атылды. Бұл туралы Қырғызыстандағы апрель телеканалың april.kg сайты хабарлады.
Тәжікстанның Шекара қызметі не дейді?
Тәжікстан шекара қызметінде, қақтығыс салдарынан екі тәжік азаматы зардап шеккенін хабарланды. Жанжалдың себебі, көрші республиканың айтуынша, қырғыз азаматтарының төрт гектар жерді өз бетінше иемденуі.

«Бұл жерлер, нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, Тәжікстанға тиесілі.
Қырғызстан шекарашылары қақтығысты шешудің орнына арандатушы ретінде әрекет етіп, Тәжікстанның қарусыз тұрғындарына оқ жаудырды.
Нәтижесінде 1983 жылы туылған Фазлиддин Фозилов пен 1971 жылы туған Айямиддин Шарипов ауыр жарақат алды », — деп хабарлады Тәжікстан шекара қызметі.

Қырғызстанның шекара қызметі бұл қақтығысты тәжік әскері арандатқан- деп мәлімдейді.
Қырғызстанның шекара қызметі атыс болғанын растайды.
«Алайда, Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекарашылары күтпеген жерден қырғыз шекарашылары мен Қырғызстан азаматтары бағытында оқ атылды», — деп бұған дейін Қырғызстанның шекара қызметі хабарлады.
Қазіргі уақытта жараланған үш қырғыз әскери қызметшісі белгілі — барлығы оқ жарақаттары.
Жағдайды толығымен тұрақтандыру үшін шекарашылар мен екі елдің өкілдері арасында келіссөздер жүріп жатқандығы белгілі.
Сардар Әбдіжақия
Қырғызыстан Республикасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?