• Пт. Апр 26th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Қылмыскерді қолдан жасау оңай ма Ғизат Дәуренбекұлы?

Автор:REVIZORRO

Май 10, 2020

Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Алик Шпекбаев, Сыбайлас жемқорлық пен күресуді, президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы мен күшейтіп, жемқорлықты жою жолында жасалып жатқан жұмыстарды қолға алғанда, жемқорлық жөнінде арыз жазған адам марапаттың орнына қылмескер атанады ма?
«Менің жақын досым Асылбек Әукенов бауырыма жала жабылуда!!!
Ағайын барынша бөліссеңіздер өтініш!!! Бұл жағдай Жаркент ауданы Көктал ауылында орын алып отыр. Бұл таза беспредел астағфиролла. Тапатал түсте егіндікте жүргенде көлікте отырған Асылбек, оның үлкен ұлы Абылай мен малшы Шалқарды арнайы жасақ құрықтап, дөрекі түрде жала жауып, көлігіне қару-жарақ салып жіберген. Куәгерлер болғанына қарамастан Асылбекті құрықтап алып кетті. Бәріне кінәлі подтосова жасаған (Начальник отдела криминальной полиции Панфиловского РОП по Алматинской области) Кусембаев Асхат дейді Асылбек досым. Кусебаев Асхат Асылбектен 10 мың доллар көлемінде пара сұраған екен. Айғақ ретінде біздің тарапта полиция қызметкерінің пара сұрағаны жайында бүкіл аудио мен смс жазбалары бар. Осы себептен Асылбектің пара беруден «сыбайлас болмаймын», деп бас тартқаны үшін, нақақтан-нақақ оған жала жабылып отыр. Неткен сұмдық!!! Сонда полиция қызметкеріне жала жабуда көмектеспегені үшін өзіне жала жабылып отыр. Асылбек досым өте әділ, ауылына жаңадан спорткомплекс салған, ауыл жанашыры, ел азаматы, кәсіпкер бауырым. 4 баласы бар, әйелінің аяғы ауыр. Жүкті болып тұрса да полиция жұлқылап мезін шығарды. Ата-анасы бейшара халде қалып отыр. Бұл не болған сұбхан Аллаһ. Мен өз басым бұл мәселеледе соңына дейін барам. Кінәлі, парақор, зақор адамдар табылып жазалануын сұраймын, талап етемін биліктен»-деп, журналист Ардақ Байғабыл өзінің фейсбук парақшасында жария етті https://www.facebook.com/ardakbaigabyl/videos/603137163879560/
Сыбайлас жемқорлық туралы шағым айтқан адамның күні осы болса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің қажеті қанша?
Егеменді елімізде, конституциялық адам құқықтары тапталуына жол бермеу прокурорлардың басты міндеті- деп білемін.
Сардар Әбдіжақия
Бейнежазба: https://www.youtube.com/watch?v=RBGUROQFH0I

Один комментарий к “Қылмыскерді қолдан жасау оңай ма Ғизат Дәуренбекұлы?”
  1. Қазақстан Республикасы Президенті
    Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Нотариус арқылы келісім-шарт жасап алып, екінші тарап алдап кетті деп арыз жазғызып, сол арызды Маңғыстау облысы ДП тергеушісі және прокурор, ҚР ҚПК-нің 179-бабы 1-ші тармағы және ҚР Бас Прокурорының 19.09.2014 жылғы номері 89 Бұйрығын қылмыстық түрде өрескел бұзып, арызды тергеуші СДТБТ-не заңсыз тіркеп қылмыстық іс ашып, тергеушіге, заңды қатаң қадағалайтын прокурор қосылып, тергеушімен прокурордың қылмысына судья қосылып, ҚР ҚПК-нің 185-бап 3-тармағын және Алаяқтық туралы істер бойынша сот практикасы туралы
    Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2017 жылғы 29 маусымдағы № 6 нормативтік қаулысының 11-тармағын бұзып, кінәсіз азаматты 5 жылға соттап отыр!!! Жалған куәлар т.б. Маңғыстау SOS!!! ҚР Қылмыстық процестік Кодекстің 179-бабы 1-тармағына және ҚР Бас Прокурордың номері 89 Бұйрығына бағынбайтын «батырларға» Заң жоқпа?
    Сізден сұрайтынымыз:
    Қазақстан Республикасы Конституциясының Кепілі ретінде жоғарыда көрсетілген өрескел заң бұзушы құқық қорғау қызметкерлері Заң аясында міндетті түрде жауапқа тартылуы керек!!!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?