• Вс. Май 19th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

ІНДЕТПЕН КҮРЕСІП ЖАТҚАН МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫНА ТИІСТІ КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ

Автор:REVIZORRO

Май 11, 2020

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде төтенше жағдайдың аяқталуына байланысты мәлімдеме жасады. Осы кезеңге дейін Шымкент қаласында карантиндік шектеулердің енгізілуіне байланысты нақты шаралар қолға алынды.
Бұл туралы Шымкент қаласының ақпараттық коммуникациялық орталығы жариялады.

Соның нәтижесінде эпидемиялық жағдай тұрақтанып, қаламызда бүгіннен бастап бірқатар енгізілген шектеулер алынуда. Алайда тұрғындардың қауіпсіздігі үшін Шымкентте карантин режимі 25 мамырға дейін жалғасады. Бұл ретте қазір қаланың кіреберістерінде 18 блок-бекет жұмыс істеп тұр. Барлық жағдай қатаң бақылауда.

— Бүгінде қаламызда коронавирус індетімен 233 азамат тіркеліп отыр. Жалпы 130 азамат сауығып шыққан. Қазіргі таңда Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 117 адам емделуде. Қалада қауіпті індетке қатысты 32 ошақ бар. Оның 28-і тұрғын үйге, 4-і нысандарға байланысты карантиндік ошақтар. Инфекцияны жұқтырған азаматтармен байланыста болған азаматтарға арнайы алгоритм бекітіліп, тұрақты бақылауға алынып, дер кезінде тиісті ем-дом жасалуда, — деді қала әкімінің бірінші орынбасары.

Айта кетерлігі, карантиндік режимге байланысты денсаулық саласында қызмет етіп жүрген бірқатар азаматтарға да көмек көрсетілуде. Яғни, жалақыларына үстемақы төленуде. Сонымен қатар, қауіпті ошақтарда қызмет етіп жүрген дәрігерлер мен мейірбикелерге қонақүйлерден арнайы орын берілген. Лоборатория мен дезинфекция жұмыстарын жүргізетін мамандар да қонақүйлерге орналасты. Оған қоса қаламыздағы екі жатақханада 300 денсаулық сақтау саласының қызметкерлері оқшауланып, жұмысын жалғастыруда.
Шымкент қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?