• Вс. Май 19th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

ШЫМКЕНТТЕ 12 МАМЫРДАН БАСТАП ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЖҮРЕ БАСТАЙДЫ

Автор:REVIZORRO

Май 11, 2020

Бұл туралы ақпараттық коммуникация-орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлім етті.

— Қазақстанда бүгіннен бастап төтенше жағдай режимі алынды. Алайда пандемияның кең таралуына жол бермеу мақсатында Шымкент қаласы аумағында 11 мамырдан 25 мамырға дейін карантин тәртібі сақталады. Қазіргі таңда қаланың кіреберістерінде 18 блок-бекет жұмыс істеп тұр. Барлық жағдай қатаң бақылауда. Дегенмен, карантин талаптары біршама жеңілдетілуде. Бұл ретте, Шымкент қаласында 12 мамырдан бастап қоғамдық көліктер таңғы 07:00 мен кешкі 21:00 аралығында тиісті санитарлық нормаларды сақтай отырып, жүре бастайды, — деді қала әкімінің бірінші орынбасары.

Ербол Садырдың мәлімдеуінше, қала аумағындағы базарлар да (автокөлік базары мен мал базарынан бөлек) ертеңнен бастап 10:00-ден 18:00 аралығында жұмыс істей бастайды.
Шымкент қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?