• Пн. Май 20th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Президент,коронавирусты анықтауға арналған мобильді скрининг орталығы қызметімен танысты

Автор:REVIZORRO

Май 12, 2020

Мемлекет басшысы коронавирусты анықтауға арналған мобильді скрининг орталығына барды- деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
Алматы қаласы
Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетін анықтауға арналған жаңа мобильді скрининг орталығының қызметімен танысты. Бұл орталық Оңтүстік Кореяның технологиясы бойынша жұмыс істейді.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысына қаладағы эпидемиологиялық ахуал жайында есеп берді.

Кореялық «Medical Partners Korea» медицина компаниясының коронавирусты анықтауға арналған мобильді скрининг орталығылермен әңгімелесіп, оларға қажырлы еңбектері үшін ризашылығын білдірді.

– Пандемия – шын мәніндегі соғыс. Бүкіл әлем пандемияға қарсы соғыс жариялады. Француздарда соғыстың аты соғыс деген сөз бар. Біз жұдырықтай жұмылсақ, пандемияны жеңе аламыз, – деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Орталықтың қызметкерлерін 12 мамырда атап өтілетін Халықаралық медбикелер күнімен құттықтады.
REVIZORRO

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?