• Пт. Дек 5th, 2025

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Өмірзақ Шөкеев: 40 минуттың ішінде 1 айлық жаңбыр жауған

Автор:REVIZORRO

Май 14, 2020

Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев Төлеби ауданындағы селден зардап шеккен аумақтарды аралауда. Мұнда 13 мамыр күні толассыз жауған нөсер жауынның әсерінен Төлеби ауданындағы өзендердің су деңгейі көтерілді. Арық-атыз, қыр-сайлардан жиналып аққан жаңбыр суынан 6 елді мекендегі 215 тұрғын үйлердің ауласына су кірді- деп мәлімдеме жасады, Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы.

«Тек 40 минуттың ішінде 1 айлық жаңбыр жауған. Бұл соңғы жылдары алғаш рет орын алған табиғи құбылыс. Қауіпсіз аумаққа көшірілгендеріңіз дұрыс болды. Үйлерді полиция қызметкерлері күзетеді. Уайымдамаңыздар. Саман үй құласа, өздерінің үшін қауіпті. Барлық аудандар көмекке келіп жатыр»,- деді Өмірзақ Естайұлы Төлеби ауданы тұрғындарымен кездесу кезінде.
Түркістан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *