• Пт. Дек 5th, 2025

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Бос патронмен ескерту оғын ату арқылы осы ауыл тұрғындарының іс-әрекетін тоқтатты.

Автор:REVIZORRO

Май 14, 2020

Әлеуметті желіде таратылған, Павлодар облысындағы атыс туралы, Павлодар облысы полиция департаменті мәлімдеме жасады. Сілтемеден толығырақ: https://www.facebook.com/100005325377496/videos/1388290358025130/?id=100005325377496
Қазіргі таңда, Облыстық Полиция департаменті Қазақстан Республикасының 380-бабы 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу бастады.
Мал ұрлығының алдын алу мақсатында және «Металлогамма» және «NewHantamurNC» ЖШС қатысты келіп түскен «микросфера» күл-қоқыс шикізатын жаппай ұрлау туралы Полиция департаменті Ақсу өңірі Ақжол және Береке ауылдарына мобильдік пост қойылды.
Мобильдік пост қойылғалы аумақта мал ұрлығы 35%-ға азайғанын атап кеткен жөн.
Осы мобильдік пост елді мекеннен 15 шақырым қашықтықта орналасқан және адамдардың еркін жүріп-тұруына еш кедергі келтірмейді.
Қалқаман ауылының жанында орналасқан мобильдік постқа ауыл тұрғындары тиісті құжаттарысыз «микросфера» күл-қоқыс шикізатын тасымалдау туралы мәселемен жүгінді. Олар оған қарсы жауап алды.
2020 жылғы 13.05. сағат 17.30-да мобильдік постқа Береке кентінің 30 шақты тұрғыны автомашиналармен келіп, күш қолданамыз деп қорқытумен, полиция қызметкерлерінің мүлкін зақымдап, олардың оқиға орнынан кетуін талап еткен.
Қалыптасқан жанжалды жою, сондай-ақ оның жалғасуына жол бермеу мақсатында полиция қызметкерлері арнайы құралдарын қолданып, бос патронмен ескерту оғын ату арқылы осы ауыл тұрғындарының іс-әрекетін тоқтатты.
Жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттен кейін осы жағдай шешіліп, ауыл тұрғындары оқиға орнынан кетті.
Арнайы құралдары қолдану фактісі бойынша Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361 – бабы 1-бөліміне бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, соның барысында полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.
Видеода ролик авторы ауыл тұрғындары тарапынан шыққан қорқытуларды басында және соңында алып тастағаны көрініп тұр, онда полиция қызметкерлері осы тұлғалардың заңсыз әрекетін түсіндірген.
Павлодар облысы полиция департаменті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *