• Вс. Май 19th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістан облысы полицейлері 80 жастағы қарияның ауласынан 62 келіге жуық егілген «көкнәр» өсімдігін тапты

Автор:REVIZORRO

Май 16, 2020

Шардара АПБ-не «жергілікті тұрғын ауласында есірткі өсіреді» деген хабарлама келіп түседі. Аталған ақпаратты тексеру мақсатында КПБ-нің қызметкерлері жедел әрекет етіп, көрсетілген мекен-жайда анықтау жұмыстарының кешенін жүргізді. Нәтижесінде, 80 жастағы қарт тұрғынның үйінің ауласынан күтіп-баптап, өсірілген есірткіге ұқсас хош иісті 5,5 мыңға жуық түп табылды. Нәтижесінде айғақты зат ретінде тәркіленіп алынған өсімдік 50 қап болды.

Одан бөлек, ауладағы тапшан үстінен мата қалташаға салынған, өзіне тән хош иісі бар айғақты заттар алынды.

Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 296-бабымен «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Бірқатар сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысына сәйкес аталмыш 4 соттық жерге егілген өсімдіктер, салмағы 62 келі жуық «Ұйықтататын көкнәр» болып шықты. Ал, тапшан үстінен алынған зат «кептірілген көкнәр сабаны» екені анықталып, жалпы салмағы 45 граммды құрады. Күдікті қария өзінің қылмысын толық мойындап, өсімдіктерді жеке басына пайдалану үшін еккендігін көрсетті. Бас шарасы «қолхатта». Тергеу барысында анықталғандай, күдікті 80 жастағы азамат бұрын осы тектес қылмысты жасап, 3-жылға сотты болған. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері есірткі затын заңсыз пайдалансаңыз, сақтасаңыз, сауда шығарсаңыз қылмыстық жауапкершілікке тартылатыныңызды ескертеді. Сондай-ақ, есірткі құралдарын пайдалану бірінші кезекте сіздің денсаулығыңызға зиян екендігін ұмытпағайсыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?