• Пн. Май 20th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Ақпараттық жүйеде бала туралы дербес мәліметтер дұрыс енгізілмеген.

Автор:REVIZORRO

Май 18, 2020

Короновирус жұқтырғандар санын көбейту басты мақсат па?-деп жариялады, «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі
Шымкенттегі шикілікке шырылдаған қарапайым халық қана жүгіріп жүрген көрінеді. Белгілі журналист Әлия Ортаева, өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған ақпараттарына сүйенсек, Шымкент қаласындағы бір отбасының баласын бассалып алып кеткен жедел жәрдем қызметкерлері нені меңзеген, әлде адам денсаулығы мен өміріне салғырт қарауға, Шымкент қаласы медицина қызметкерлерінің еттері үйренген бе?
Жедел жәрдем алып кеткен баланың әкесінің айтуынша:
— Надибай Бекнұр Аянұлы менің балам емес, мен Орал №49 үйде тұрамын. «Орал №49»-деп келіп, «Нәлибай Бекнұр Аянұлы»-деп, баламды алып кетті. Ол дұрыс емес, әкесінің де аты тура келмейді. Туу туралы күәлікке қараған жоқ, полиция шақырып, қорқытып алып кетті- деп сұхбат берген.
-Баламнан ешқандай сырқат белгілері байқалған жоқ. Екі ай бойы үйден шықпай отырған бала. Ойнап жүрген бала. Дене қызуын «температура» тексеріп көрді, дене қызуы 36/8 болды, өздеріде күмәнданып қалды. Соған қарамастан алыпкетті, баламызды алып келіп берсін, сау баланы ауыртып қояды ма?- деп, қорқып, күмәнданып отырмыз-дейді , бассалып алып кеткен баланың әкесі.
Мұндай әрекет жасаған жедел жәрдем қызметкерлері, карантин, төтенше жағдай-деп, сау адамды ауру қылмауыларына кім кепіл?
Үрейі ұшқан бала мен отбасыға моральдық соққы берді- деп ойламайтын жедел жәрдем қызметкерлеріне қандай жауапкершілік күтіп тұрғаны бізге белгісіз, белгілі болғаны, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының мәлімдемесіндегі, «18.05.2020 жылы түнгі сағат 02:38-де жедел жәрдем станциясына №11 қалалық емхана қызметкерлері тарапынан «Қазғұрт» шағын ауданында тұратын 2009 жылғы баладан коронавирус инфекциясы анықталғаны туралы шақырту түскен.Шақырту кезінде емхана қызметкері баланың аты-жөні туралы ақпаратты толық бермегендіктен, ақпараттық жүйеде бала туралы дербес мәліметтер дұрыс енгізілмеген.
Қазғұрт шағын ауданында тұратын 2009 жылы туылған баладан коронавирус инфекциясы анықталғандықтан, клиникалық хаттамаларға сай ем қабылдау үшін ауруханаға жатқызылған. Науқас бала қазір дәрігерлердің бақылауында.

Ата-анасына баласының ауруханаға жату және ем қабылдау қажеттігі туралы толық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпараттық жүйеде енгізілген мәліметтерде кеткен кемшіліктер бойынша денсаулық сақтау басқармасы тарапынан , емхана қызметкерлеріне шара көріледі»-деген ресми жауабы ғана.
Короновирус жұқтырғандар санын көбейту басты мақсат па?- деген ойлар да жоқ емес қоғамда
Шымкент қаласы, REVIZORRO

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?