• Пн. Май 20th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Қазақ халқы бұл дағдарысты аз шығынмен еңсеретініне сенімім мол.

Автор:REVIZORRO

Май 18, 2020

Түркия Президенті Қазақстанның COVID-19 індетіне қарсы іс-шараларына қолдау білдірді-деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның жолдау хаты келіп түсті. Құжатта еліміздің жаңа коронавирусқа қарсы қабылдап жатқан кешенді іс-әрекеттеріне жоғары баға берілді.

– Қазақстанда COVID-19 індетіне қарсы қабылданып жатқан тиімді шаралар мен жұмыстарыңызды мұқият қадағалап отырмыз. Ең алдымен, індетпен күресте алғы шептегі медицина қызметкерлерінің жұмысына табыс тілеймін. Қазақ халқы бұл дағдарысты аз шығынмен еңсеретініне сенімім мол. Осы орайда, достас әрі бауырлас Қазақстанға қол ұшын созуға әрдайым дайынбыз. Қазақстандық достарымыздың күш-жігеріне қолдау болар деген ниетпен еліңізге медициналық жабдықтар жіберудемін, – делінген хатта.

Түркия Президенті коронавирус пандемиясы салдарынан қайтыс болған Қазақстан азаматтарының отбасыларына көңіл айтып, қауіпті ауру жұқтырғандардың тезірек сауығуына тілектестігін жеткізді.

Сондай-ақ, Режеп Тайип Ердоған ортақ тарих пен бауырластықтан бастау алатын екіжақты стратегиялық әріптестік қазіргі дағдарыстан кейін әрі қарай беки түсетініне сенімді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?