• Пн. Апр 29th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Отбасы күніндегі тренинг

Автор:REVIZORRO

Май 16, 2019

Отбасы күні мерекесі күніне орай 2019 жылғы 15 мамырда Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің оқу сыныбында М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің өкілдерімен кездесу өткізілді. Аталмыш кездесуге М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Гуманитарлық-әлеуметік ғылымдар факультетінің аға оқытушылары, психология магистрі Айгүл Тұрсынбайқызы Абдрахманова және педагогика және психология магистрі Раушан Темірғалиқызы Байбосынова шақыртылды.

«Табиғаттың өзі анаға баласы үшін шаршамас және адал ниетті еңбек етіндей өте ерекше қасиеттерді аямай береген. Тек отбасының берік татулығы арқасында бала бойына еңбекқорлық, адалдық, елге, жерге деген сүйіспеншілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді қасиеттері дамиды және ол ұрпақтан ұрпаққа берілетін жоғары қасиеттердің бірі екендігі, осындай адам бойындағы мінез бітістері мен қасиеттері аясында қалыпты отбасы қалыптасатындығы да сөз болды. Кездесуге қатысушылар отбасы – қоғамның айнасы, әрбір берілген дұрыс тәрбие мемлекетіміздің әлемдегі озық елдер қатарына қосылу жолында экономикалық, мәдени, әлеуметтік саясат». Осы сөздермен кездесуді Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Кадр жұмысы бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Назира Закировна Турабекова ашып, өз сөзінде іс-шараға қатысушыларды бүгінгі айтулы мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде отбасының Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы және гүлденуіндегі рөлін, ана мен балаға жасалып жатқан қолдауларға қол ұшын беріп отыру басты міндеттердің бірі екендігін атап көрсетті.

Сонымен қатар М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Гуманитарлық-әлеуметік ғылымдар факультетінің Психология және педагогика кафедрасының аға оқытушылары А. Абдрахманова және Р. Байбосынованың қатысуымен тренинг өткізілді.

Тренинг таныстырудан басталды, кейін университет аға оқытушылары қызметкерлерге тапсырма көңілді дауларды туғызды.

Тренинг достық, еркін атмосферада өтті. Тіпті университеттің аға окытушылары Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті ұжымының – өте ұйымшыл, ынтымақты және мейрімділігін атап өтті.

Семинарға Департаменттің аппарат қызметкерлері, Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының, Байзак ауданы ТЖБ және Жамбыл ауданы ТЖБ жеке құрамы қатысты

Жамбыл облысы ТЖД Кадр жұмысы бөлімі

«REVIZORRO» Жамбыл облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?