• Ср. Май 8th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Коронавирус бойынша карантин кезеңінде кезекші топтары бар мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыс істеу тәртібі

Автор:REVIZORRO

Май 21, 2020

Коронавирус бойынша карантин кезеңінде кезекші топтары бар
мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыс істеу тәртібі туралы, Шымкент қаласының білім басқармасы басышыс Жанат Тәжиева брифинг берді.
Республика аумағында кезекші топтары бар мектепке дейінгі ұйымдар
(бұдан әрі — МДҰ) жергілікті атқарушы органдардың жанында құрылған
төтенше жағдайлар бойынша штабтардың және өңірдегі бас санитарлық
дәрігердің шешімімен 2020 жылғы 11 мамырдан бастап жұмыс істейді.
МДҰ-да балалар мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына, оларға
қауіпсіз жағдай жасау үшін жауапкершілік МДҰ-ның басшысына жүктеледі.
МДҰ-ға баланы үй жағдайында қалдыруға мүмкіндігі жоқ, атаанасының екеуі де жұмыс істейтін, сондай-ақ ата-аналардың қалауы
бойынша балалар қабылданады.
МДҰ-ны ашу үшін білім басқармаларына, білім бөлімдеріне барлық
мектепке дейінгі ұйымдарға жұмысты бастау жөнінде хабарлау, мектепке
дейінгі ұйымдарға:
— МДҰ-ға қажеттілікті анықтау үшін ата-аналардың арасында
мониторинг жүргізу (кезекші топтарды ұйымдастыру туралы БАҚ,
әлеуметтік желілер арқылы хабарлау, тәрбиеші баланың МДҰ-ға келуі
жөнінде телефон арқылы өтініштерді қабылдайды, МДҰ-ның басшысына
хабарлайды);
— МДҰ-да жедел жауап беру телефоны белгіленеді;
— кезекші топтары бар жұмыс істейтін МДҰ-ның саны мен орналасқан
жерін көрсете отырып, әкімдіктің қаулысын немесе білім басқармасы, білім
бөлімі басшысының бұйрығын шығару;
— балалардың санына байланысты жастары бірдей, түрлі жастағы
(1жастан 3 жасқа дейін, 3жастан 6 жасқа дейін) топтарды жасақтау;
— МДҰ-ға бару мәселесі бойынша ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын
жүргізу (жұмыс тәртібі, жас топтары, денсаулық жағдайы, тиісті киім-кешек,
МДҰ-ның күн тәртібін сақтау және т. б., баланы ерте әкелу, себебі балаларды
қабылдау белгілі бір уақытты алуы мүмкін);
— 2020 жылдың 11 мамырынан бастап жұмыс істейтін МДҰ-ның
қызметкерлерінің санын анықтау, қызметкерлердің жұмысқа шығу кестесін
құру;
— ата-аналардың, жас топтарының жұмыс уақытын ескере отырып,
карантин кезеңіне күн тәртібін бекіту;
— тәрбиелеу-білім беру процесін жүргізу:
балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жұмысты
жоспарлау;
перспективалық жоспар мен циклограмма құру (топтағы түрлі жастағы
балалармен ұйымдастырылып өткізілетін іс-әрекет түрлері жазылады);
шағын топтармен өткізілетін сабақ кестесін құру (бір шағын топпен
тәрбиеші ұйымдастырылылған оқу қызметін жүргізеді, екінші шағын топтың
балалары тәрбиешінің көмекшісінің бақылауымен басқа әрекетпен
айналысады – үстел үсті ойындары, көркем шығарма оқу, құрастыру және
т.б.);
ойын және дидактикалық материалдардың балалардың жасына сәйкес
болуы;
— топта болғанда қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында
балаларды үнемі бақылау;
— балалар әрекетінің түрлерін ұйымдастыру, күн тәртібіндегі сәттерді
өткізу кезінде арақашықтықты сақтау (Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына және үлгілік оқу жоспарына сәйкес
ұйымдастырылған оқу қызметін өткізуде);
— жеке жұмысты және шағын топтар бойынша жұмысты жоспарлау;
— балалар әрекетінің түрлерін өткізуде басқа педагогтер мен
тәрбиешінің көмекшісін тарту ұсынылады;
— музыка, дене шынықтыру залында бұқаралық іс-шаралар,
экскурсиялар және т.б. өткізуге тыйым салынады;
— дене шынықтыру және ұйымдастырылған оқу қызметінің басқа
түрлерін мүмкіндігінше таза ауада өткізу ұсынылады, ауа-райыны жағдайы
мен өңірдің климаттық ерекшеліктері ескеріле отырып, серуеннің уақыты
ұзартылады;
— күн тәртібіндегі процестерді жүргізу кезінде балалардың жасы мен
жеке ерекшеліктерін ескеру — алдымен кіші жастағы балалардан бастайды,
ересек балалар кейін қосылады, ал күндізгі ұйқыдан ең алдымен ересек
балаларды, кейін кіші жастағы балаларды біртіндеп тұрғызу қажет;
— ата-аналар:
тәрбиешіге баланың балабақшаға келетін күнін хабарлауы;
кез келген аурудың белгілері байқалған баланы МДҰ-ға апармауы;
МДҰ-ға бала келмеген күндері оның себебі туралы әкімшілікке,
тәрбиешіге алдын ала хабарлауы тиіс;
ойыншықтарды және басқа да заттарды үйден балабақшаға әкелуге
болмайды;
шкафтың ішін тазалау үшін бос қалдыру ұсынылады және
балабақшадағы шкафта баланың тек 1 күн киетін киімі болуы керек.

Мектепке дейінгі білім беру объектілерінде санитарлықдезинфекциялық тәртіпті сақтау алгоритмі
1. Қызметкерлерді жұмысқа жіберу КВИ-ге тексеру нәтижелерінің
және жұмысқа рұқсаттың болуы. Жедел респираторлық инфекциялары
(жоғары температура, жөтел, тұмау) және басқа да жұқпалы аурулары бар
қызметкер жұмысқа жіберілмейді.
2. Балалар (ұзақ уақыт болмаған жағдайда) учаскелік педиатрдың
баланың денсаулығы жөніндегі анықтамасымен қабылданады. Медицина
қызметкері балабақшаның барлық қызметкерлеріне күнделікті таңғы фильтр
жүргізеді. Балаларды қабылдау кезінде күнделікті таңғы фильтрді медицина
қызметкері және қызметкерлер жүргізеді. Ата-аналар балабақша ғимаратына
КВИ-ді тестілеудің тек теріс нәтижелері бар болған жағдайда ғана жіберіледі.
3. Келесі санаттағы тұлғаларға:
— COVID-19 жағдайы расталған адамдармен байланыста болғандарға;
— соңғы 14 күнде COVID-19 жағдайлары тіркелген шет елден немесе
өңірлерден келгендерге;
— жүкті әйелдерге;
— 65 жастан асқан адамдарға;
— жедел респираторлық ауру белгілері бар тұлғаларға балаларды
мектепке дейінгі ұйымдарға әкелуге болмайды:
4. Объектіде қызметкерлердің, келушілердің қолдарын өңдеу үшін
көрінетін және қолжетімді орындарға тері антисептиктерін орналастыру
қарастырылады.
5. Балалардың қолдарын әрбір тамақтанудың алдында, далада
серуендеп келгеннен кейін, санитарлық торапқа кіріп шыққан соң және басқа
да қажетті сәттерде жуу (сұйық сабынды қолданып, қолдарды жуу)
тәрбиешілердің жеке жауапкершілігіне жүктеледі.
6. Желдету тәртібін сақтау: балалар топта болған жағдайда бір сағат
сайын 15 минуттан кем емес топты желдету, балалар болмаған кезде топты
өтпелі желдету. Желдету балалар үшін қауіпсіздік техникасы ережелерін
сақтай отырып, тәрбиешінің бақылауымен жүзеге асырылады.
7. Есік тұтқаларын, баспалдақ таяныштарын, терезе алдын,
түбектерді, топтағы санитарлық-техникалық жабдықтарды дезинфекциялау
құралдарын қолданып (топ бөлмелерінде балалар болмаған кезде ғана
дезинфекциялық құралдарды қолдану), екі мәрте өңдеу.
8. Дезинфекциялау және жуу құралдарының, антисептиктердің
жеткілікті болуы.
9. Су ішу тәртібін сақтау (бір рет пайдаланатын стакандар).
10. Асхана ыдыстарын кешке дезинфекциялық сұйықтықты
қолданып жуу. Қолданылатын ерітінді концентрациясы ұсынылатын
нұсқауға сәйкес (жұқпалы инфекциялар кезінде).
11. Азық-түлік блогында асхана ыдыстарын, бөлмелерді,
жабдықтарды және мүліктерді нұсқау бойынша дезинфекциялық
сұйықтықтың концентрациясын қолданып күнделікті өңдеу режимі (жұқпалы
инфекциялар кезінде).
12. Балабақша қызметкерлерімен эпидемияға қарсы тәртіпті сақтау
мәселелері бойынша нұсқау жүргізу.
13. Балабақша изоляторларын қызыл жолақпен бөлу, МДҰ-да
медицина қызметкерлері үшін бетперделердің және жеке сақтану
құралдарының болуы.
Коронавирус бойынша карантин кезеңінде арнайы ұйымдардың
(ПМПК, ППТК, ОО) жұмыс істеу тәртібі
Республика аумағында арнайы ұйымдар (психологиялық-медициналықпедагогикалық консультациялар (ПМПК), психологиялық-педагогикалық
түзеу кабинеттері (ППТК), оңалту орталықтары (ОО) (бұдан әрі — АҰ) 2020
жылғы 11 мамырдан бастап жұмыс істей бастайды.
Балалар мен қызметкерлердің арнайы ұйымдарда өмірі мен
денсаулығын сақтауға, қауіпсіз жағдайлар жасауға жауапкершілік АҰ-ның
басшысына жүктеледі.
1. 11 мамырдан бастап ПМПК-да қорытынды алу мақсатында;
— мектепке дейінгі арнайы ұйымдардың түлектері мектепке барар
алдында;
— одан әрі оқыту бағдарламасын анықтау мақсатында үйде оқитындар
(қайта тексеру);
— білім беру ұйымдарындағы сабақтар циклін ұзарту мақсатында
ППТК-ға және ОО-ға қатысатындарға ПМПК-да тексеруден өткен балаларды
бақылау (қайта) психологиялық-педагогикалық тексеруге қабылдау
жүргізіледі.
1 маусымнан бастап ПМПК-да тексеруге:
— баланы дамытудың түрлі мәселелері бойынша ата-аналардың
бастамасымен ПМПК-ға алғаш рет өтініш білдіргендер;
— 2020-2021 оқу жылында үйде оқитын балалар қабылданады.
2. 11 мамырдан бастап ППТК-да және ОО-да келесі санаттағы балалар
үшін жеке сабақтар өткізіледі:
— бірлесіп назар аудару дағдысы, мінез-құлқының қиындығы және
мақсатқа лайықтылығы жоқ балалар (оның ішінде экран алдында отыра
алмайтын балалар);
– аралас, көптеген бұзылыстары бар балалар;
— қашықтан оқыту тәртібінде техникалық мүмкіндіктері жоқ балалар.
Ағымдағы жылдың 18 мамырынан бастап ППТК-да және ОО-да шағын
топпен және топтық сабақтар өткізілетін болады.
Шағын топпен сабақтар екі баладан аспайтын құрамда өткізіледі.
Топтық сабақтарды 3-4 адамнан аспайтын балалар санынан бастау
ұсынылады, кейін күн сайын бала санын (2 адамнан) күндізгі және қысқа
уақыт болатын топтарды жинақтау нормасына дейін көбейту ұсынылады.
3.АҰ ашу үшін білім басқармаларына, арнайы ұйымдарға:
— жұмыс істейтін АҰ-ның санын және орналасқан орнын көрсете
отырып, әкімдіктің қаулысын немесе білім басқармасының, білім бөлімі
басшысының бұйрығын шығару;
– ПМПК-да тексеру уақыты мен күнін белгілеу, алдын ала жазылу
жүргізу; телефон және/немесе басқа мессенджерлер (ватсап, телеграмм,
электрондық пошта) бойынша қашықтан анамнезді алдын ала жинауды
жүргізу);
– ППТК-да және ОО-да қашықтық тәртібінде пандемия жағдайында
ұйым мен ата-аналар арасында келісім-шарт жасау ережесін түсіндіру;
– АҰ-ға бару мәселесі бойынша ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын
жүргізу (жұмыс тәртібі, денсаулық жағдайы, тиісті киім-кешек, АҰ-да күн
тәртібін сақтау және т.б., баланы ертерек алып келу, өйткені балаларды
қабылдау белгілі бір уақытты алуы мүмкін);
— 2020 жылғы 11 мамырдан бастап АҰ-да жұмыс істейтін
қызметкерлердің санын анықтау, жұмысқа шығатын қызметкерлердің
кестесін жасау;
– карантин кезеңіндегі күн тәртібін бекіту;
– тәрбиелеу-білім беру процесін жүргізу;
– балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жұмысты
жоспарлау;
— қауіпсіз жағдайды қамтамасыз ету мақсатында келушілерді тұрақты
бақылау;
– күн тәртібіндегі сәттерді өткізуде, түрлі әрекетті ұйымдастыру
кезінде қашықтықты сақтау;
– жеке жұмысты және шағын топпен жұмысты жоспарлау;
– балалар әрекетінің әр түрлерін өткізу кезінде басқа педагогтер мен
тәрбиешінің көмекшісін тарту.
Арнайы білім беру ұйымдарында
санитарлық- дезинфекциялық тәртіпті сақтау алгоритмі
1. Жедел респираторлық инфекциялары (жоғары температура, жөтел,
тұмау) және басқа да жұқпалы аурулары бар қызметкер жұмысқа
жіберілмейді.
2. Медицина қызметкері АҰ-ның барлық қызметкерлеріне
күнделікті таңғы фильтр жүргізеді.
3. Келесі санаттағы тұлғаларға:
— COVID-19 жағдайы расталған адамдармен байланыста болғандарға;
— соңғы 14 күнде COVID-19 жағдайлары тіркелген шет елден немесе
өңірлерден келгендерге;
— жүкті әйелдерге;
— 65 жастан асқан адамдарға;
— жедел респираторлық ауру белгілері бар тұлғаларға балаларды АҰ-ға
әкелуге болмайды:
4. Объектіде қызметкерлердің, келушілердің қолдарын өңдеу үшін
көрінетін және қолжетімді орындарға тері антисептиктерін орналастыру
қарастырылады.
5. Балалардың қолдарын санитарлық торапқа кіріп шыққан соң
және басқа да қажетті сәттерде жуу (сұйық сабынды қолданып, қолдарды
жуу) қызметкерлердің жеке жауапкершілігіне жүктеледі.
6. Желдету тәртібін сақтау: балалар топта болған жағдайда бір сағат
сайын 15 минуттан кем емес топты желдету, балалар болмаған кезде топты
өтпелі желдету.
7. Есік тұтқаларын, баспалдақ таяныштарын, терезе алдын,
түбектерді, топтағы санитарлық-техникалық жабдықтарды дезинфекциялау
құралдарын қолданып (топ бөлмелерінде балалар болмаған кезде ғана
дезинфекциялық құралдарды қолдану), екі мәрте өңдеу.
8. Дезинфекциялау және жуу құралдарының, антисептиктердің
жеткілікті болуы.
9. Су ішу тәртібін сақтау (бір рет пайдаланатын стакандар).
10. АҰ-ның қызметкерлерімен эпидемияға қарсы тәртіпті сақтау
мәселелері бойынша нұсқау жүргізу.
11. АҰ-да медицина қызметкерлері үшін бетперделердің және жеке
сақтану құралдарының болуы.
Арнайы білім беру ұйымдарының карантиннен шығу тәртібі
ұсынымдық сипатта болады, жергілікті атқарушы органдардың келісімі
бойынша өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды ескере
отырып іске асырылады.
Ұсынымдар ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды
психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын жекеменшік
ұйымдарда да қолданылады.
Шымкент қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?