• Ср. Май 8th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Пакистандағы Карачи әуежайына жақын жерде ұшақ апаты орын алды

Автор:REVIZORRO

Май 23, 2020

Пәкістандық ішкі жолаушылар ұшағы, ағымдағы жылдың 22 мамыр күні Карачи әуежайына жақын жерде тұрғын үй аумағында құлады, деп хабарланды.
Пакистан халықаралық әуе тасымалдаушысына тиесілі Airbus А320 әуекемесі, Джинна халықаралық әуежайына қонуға мәжбүр болған кезде апатқа ұшырады. Әуекемесінде 100 шақты жолаушы болған. Соңғы мәліметтер бойынша екі адам ғана аман қалған делінген жергілікті ақпараттар көзінде.
Мемлекет басшымыз, Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президенті Ариф Алвиге көңіл айтты деп мәлімдеді Ақорда баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Карачи қаласының «Джинна» халықаралық әуежайы маңында апатқа ұшыраған ұшақта қаза тапқан және зардап шеккен адамдарға байланысты Пәкістан Президенті Ариф Алви мен сол елдің халқына көңіл айтып, жеделхат жолдады.

– Жантүршігерлік апатта жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысына ортақпын. Қаза қайырлы болсын. Жаратқан марқұмдардың жатқан жерін жайлы етсін. Ал жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспін, – делінген жеделхатта.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?