• Вс. Апр 28th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

ТҮРКІСТАН: РУХАНИ МЕКЕНДЕ БАС ҚОСҚАН ЭТНОС ЖАСТАРЫ АДАЛ ЖОЛДЫ ТАҢДАЙДЫ

Автор:REVIZORRO

Май 22, 2019

Түркістан облысының этно-мәдени бірлестік өкілдерінің жастары «Сыбайлас жемқорлықты жалпыға бірдей қабылдамау — бірлік пен тұрақтылық кепілі» атты дөңгелек үстелде кездесті.

            Іс-шараға Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев, Отырар ауданының әкімі Е.Айтаханов, аудандық  Жастар ресурстық орталығының директоры Д.Ақсақалов, Жобалық кеңсе мамандары мен 50 — ге жуық түрлі ұлт өкілдерінің жастары қатысты.

Кездесудің мақсаты — жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу.

Түрлі ұлт өкілдерінің жастары жиналған жиында сөз алған Департамент басшысы Ғалым Сұлтанұлы Агенттік тарапынан жүзеге асырылып жатқан Жобаларға, Департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы толық ақпарат берді.

Кезегімен сөз сөйлеген Отырар аудан әкімі Ерлан Қуанышұлы қасиетті мекенге саяхаттап келген жастарға ел бірлігі ынтымақта деп, татулыққа адалдыққа шақырды.

Кездесу аясында белсенді жастар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ұйымдастырушыларға ашық әңгіме мен жылы жүздесу үшін өз алғыстарын білдіріп, кездесуден алған ерекше әсерлерін айтты.

Жиын соңында жастар замандастарын қоғам дертіне айналған сыбайлас жемқорлықпен күресуге шақырды.

Түркістан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?