• Пт. Апр 26th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Өзі маска тақпай, маскасы жоқтарға айыппұл салып жатыр…

Автор:REVIZORRO

Авг 7, 2020

«6 ананың көңлін таба алмаса, айыппұл мен жазалап қинау керек пе Өмірзақ Шөкеев?»-деп Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі аналардың карантин кезінде айыппұлдары туралы ақпаратын жариялады

Түркістан облысы Сайрам ауданындағы аналар ашынғаннан айқай салды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі хабарлады, «Ресми Фактор газетінің редакторы «Алия Ортаеваның Фейсбуктағы жариялаған ақпаратына сілтеме жасап.

Сайрам ауданында заңсыз сауда орындарында киім-кешек сатып отырған аналар, карантин кезінде қиындықтарға тап болғанын, балалрының нанын табу үшін осы қадамға барып отырғаны туралы баяндап, жергілікті полицейлердің 200 000 теңгедей айыппұлдар салып жатқанына ашынып айқай көтерген.

-Балаларымның нанын тауып бере алмай отырғанда, айыппұлды қалай төлейміз?-деген ана, полицей қызметкерлерінің боқтап кететінін айтып, көз жасына ерік берді.Халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуден айыппұл салып жұмыс жүргізген оңай шығар, аналардың жолақ бойында отырып сауда жасайтын жерлеріне қара түсті сұйықтық құйып кеткенін көруге болады. Айтуларынша бетперде (маска) тақпадың-деп 83 000 теңге айыппұл салып кеткен екен, алайда айыппұл салған полицейдің өзі бетперде (маска) тақпағанын айтып, телефонына түсіріп алған бейнежазбаны табыстаған.Халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізген болса, егер аналарға жағдайы мемлекет тарапынан көмек берілсе, онда аналар неге ызаланып отыр?- деген ой мазалайды бізді. Ал төрелігін облыс басшылары мен үкіметке тапсырдық.
astarlyakikat.kz
Түркістан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?