• Пн. Апр 29th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері заңсыз жер қойнауын пайдаланудың екі дерегін анықтады

Автор:REVIZORRO

Май 22, 2019

Жамбыл облысының Полиция департаменті басшылығы 13-31 мамыр аралығында «Заңсыз жер қойнауын пайдалану» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуге бастама жасады, оның аясында Жамбыл және Мойынқұм аудандарында екі дерек анықталды.

Екі жағдай да қиыршық тас, құм, тас және басқа да табиғи құрылыс материалдарын өндіру жөніндегі карьерлерді заңсыз қазу туралы болып отыр.

Жамбыл ауданында Бесжылдық ауылына жақын жерде ҚР ҚК 334 -бабын бұзып (жер қойнауын өз бетімен пайдалану), яғни рұқсат құжаттарын ресімдемей «Сұңқар» ЖШС-і айналысса, Мойынқұм ауданында Ақбақай ауылының жанында «Ақ маңдай» ЖШС-і айналысқан.

Жамбыл облысының ПД КҚПБ-ның табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері келтірілген шығын көлемін анықтау және одан әрі тергеу үшін материалдарды облыстық Экология департаментіне тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?