• Пт. Апр 26th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Полиция қызметкерлерінің қатысуымен психологиялық тренингтер өткізілді

Автор:REVIZORRO

Сен 18, 2020

Түркістан облысы ПД қызметкерлерінің моральдық рухын қолдау барысында инспектор психологтар «Моральдық рух — табыс кепілі» онкүндігі аясында тренинг сабақтарын ұйымдастырды. Негізгі мақсат – маңызды психологиялық қасиеттерді (эмоционалдық тұрақтылық, бақылағыштық, еске сақтау, ойлау, назар күш) психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру, қызметтік ұжымдардың ұйымшылдық, ынтымақтастық деңгейін бақылау болып табылады.

Іс-шара барысында тәртіп сақшыларымен «Ақпаратты дұрыс жеткізу», «Мұнара», «Жіптік курс», «Күн техникасы» сияқты тренинг жаттығулары жасалды. Тренингтік жаттығулар әріптестер арасында ауызбіршілікті нығайтуға, ұжымдағы сенімділікті оятуға, лидерлік қасиетін бақылауға, логикалық ойлау қабілеттерін анықтауға, қызметкерлердің өз бойларындағы шығармашылық қабілеттерін бағалай білуге, қырағылыққа, есте сақтауға, тез, жылдам ойланып іс әрекет жасауға көмектеседі. Осы орайда жеке құрамға «Суицид-өте қауіпті дерт», «Отанымыздың алтын діңгегі отбасы» жадынамалары таратылды.

«10-қыркүйек Дүниежүзілік өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу күні» және қыркүйек айының екінші жексенбісі Қазақстан Республикасы «Отбасы күні» болып белгіленген. Аталған күндерге орай және жыл бойы Түркістан облысы ПД-нің инспектор-психологтарымен осындай іс-шаралар жүргізілуде. Түркістан облысы ПД-нің 600-ге жуық қызметкерлерін (оның ішінде жас мамандар көп) суицидтік мінез-құлықтарын анықтау мақсатында «Ақсұңқар» аппараты арқылы тестілеуден өткізілген. Нәтижесінде суицидке бейім қызметкерлер жоқ екені анықталды.

Алайда, елімізде болып жатқан пандемия салдарынан қажу, шаршау, алаңдаушылықтары байқалады. Осындай қиындықтардан шығуға үлкен көмек қолдарын созған полиция қызметкерлерін стресстік күйден шығаруға қолдау жасау үшін арнайы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Яғни, тренинг сабақтары арқылы экстремалдық жағдайларға дайындауға ықпал жасалуда. Халықпен дұрыс қарым-қатынас жасауды үйрету үшін арнайы жаттығулар жүргізілуде.

Ұжым арасында моральдық-психологиялық климатты жақсарту үшін күнделікті басшының қызметкерлерге деген дұрыс қарым-қатынас жасауынан бастау алады, яғни халықтың сенім артқан азаматы екеніндігін айтып қызметкерлерге сәттілік тілеп, жұмыстарына адал атқаруға шақыру. Қызметкерлерді жұмыс нәтижесіне байланысты мадақтау, марапаттауда әсер етеді. Яғни, әрбір қызметкердің жақсы жұмыс жасауына мотивация береді.

Өз кезегінде полицейлер психологтардың өткізетін іс-шара, сабақтарына көңілдері толатынын айтып, алғыстарын білдірді.
Түркістан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?