• Чт. Апр 25th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

ХҚКО арқылы жалған медициналық анықтамалар мен автомектептер бітіру туралы куәліктер туралы тексеру басталды

Автор:REVIZORRO

Сен 18, 2020

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ХҚКО арқылы жалған медициналық анықтамалар мен автомектептер бітіру туралы куәліктерді қолдана отырып, азаматтарды іс жүзінде оқытпай, теориялық және практикалық емтихандар тапсыртпастан жүргізуші куәліктерін 80 мыңнан бастап 120 мың теңгеге дейінгі сыйақыға заңсыз беруді ұйымдастырған бір топ адамға қатысты тергеу басталды.
Аз уақыт аралығында 2 мыңнан астам жүргізуші куәлігі берілгені анықталды.
Тінту кезінде 7 мектеп мөрі, 479 бітіру туралы куәлік бланкісі мен адамдардың сауалнамалық деректері толтырылмаған, дәрігерлердің қолдары мен мөрлері қойылған №086 үлгісіндегі жалған медициналық анықтамалар табылды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады.
Мұндай куәліктердің иелері жол қозғалысы ережелерін бұзады, ал олардың әрекеттері жол қозғалысының қатысушыларын ауыр зардапқа соқтыруы мүмкін.
Істің бас фигурантына қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Тергеу жалғасуда.
Нұр-Сұлтан қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?