• Чт. Апр 25th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Әскери гопитальдің бұрынғы бастығы мен медбикесі ұсталды

Автор:REVIZORRO

Окт 16, 2020

Талдықорғанда әскери гопитальдің бұрынғы бастығы мен медбикесіне қатысты ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс бойынша тергеу амалдары басталып кетті. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады. Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талдықорған қаласындағы әскери госпитальдің бұрынғы бастығы мен аталған госпитальдің бұрынғы бас медбикесіне қатысты ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау күдігі бойынша тергеуді бастады.
Олар жұмысқа орналастырғаны және қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін Сovid-19-ға қарсы күрестегі қызметі үшін госпиталь қызметкеріне түскен үстемеақының 50% мөлшерін құрайтын 1 млн теңге ақшалай қаражат алуда күдікке ілінді.
2020 жылғы 13 қазанда әскери госпитальдің бұрынғы бастығына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Іс бойынша тергеу жалғасуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?