• Вт. Апр 30th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының бұрынғы орынбасары 100 миллиондық айыппұл төлеуге тартылды

Автор:REVIZORRO

Май 30, 2019

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаментімен бұрын облыстық көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары және оның бағыныштыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталған болатын.

Қазіргі таңда аталған лауазымды тұлғаларға қатысты Алматы облысы Талдықорған қалалық сотының үкімі күшіне енді.

Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары 
Б. Жантуров парақорлық фактілері бойынша кінәлі деп танылды және мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 35 еселеген сомасы көлеміндегі 101,3 млн. теңге сома айыппұлға тартылды.

Б. Жантуровқа тасымалдаумен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың өкілдерінен олардың қызметіне жалпы қамқорлығы үшін алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында жүйелі негізде пара алу айыбы тағылған.

Сондай-ақ қылмыстық схемаға қосылған оның бағыныштылары жазаның әртүрлі түрлеріне тартылды. Барлығы Б. Жантуровпен бірге 4 лауазымды тұлға сотталды.

ҚР МҚІСЖҚА

Түркістан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?