• Ср. Апр 24th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістан облысының полицейлері 18 жылдан бері төлқұжатсыз жүрген әйелді құжаттандырды.

Автор:REVIZORRO

Мар 18, 2022

Түркістан облысының полицейлері 18 жылдан бері төлқұжатсыз жүрген әйелді құжаттандырды, Түркістан обылысының полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түлкібас ауданы полиция бөлімінің көші қон қызметі тобының аға инспекторы полиция майоры Нұрман Шыңғысбаев аудан ішіндегі 16-18 жас аралығында отбасылық жағдайына байланысты ҚР-ның жеке куәлігімен құжаттанбаған және құжатсыз жүрген азаматтарды құжаттандыру мақсатында акция өткізген болатын. Акция өткізу барысында көші-қондық тәртіп сақшылар ауылдар мен көшелерді аралап, құжатсыз қалып қойған азаматтардың бар-жоқтығын тексеріп шықты.
Аталған акция кезінде Түлкібас ауданына қарасты Бақытбек ауылының тұрғыны 1986 жылғы туылған Ольга Тютюнникова төлқұжатсыз жүргені жөнінде көші-қон қызметкерлеріне келіп өтініш қалдырды. Содан көші-қон полицейлері азаматтың құжаттарын мұрағаттан алып, мәліметтер жинақтады.
Нәтижесінде полиция қызметкерлері Ольганың құжаттарын тез арада рәсімдеді. Сөйтіп аз ғана уакыттың ішінде тәртіп сақшылары әйелдің жеке басын анықтайтын төлқұжатын жасап берді. Жаңа төлқұжат алғанына қуанған Ольга, көші-қон полицейлеріне ыстық ықыласын білдірді. Өз сөзінде Ольга: «Отбасылық жағдайыма байланысты төлқұжат алуға мүмкіндігім болмады. Қазіргі жағдайда Қазақстанның азаматы екенімді растайтын төлқұжат алғаныма қуанып отырмын! Көші-қон полицейлеріне үлкен алғысымды айтқым келеді»,-деді.
Құрметті облысымыздың тұрғындары! Полиция қызметкерлерінің осы бағыттағы жұмыстары әрі қарай жалғасын таба бермек. Өздеріңіздің құқықтық мәртебелеріңізді айқындау бойынша сұрақ туындаған жағдайда, сіздер, тұрғылықты мекен жайыңыз бойынша көші-қон қызметіне жүгінуіңізге болады!

Түркістан обылысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?