• Пт. Дек 5th, 2025

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Жас полиция мүшелерінің жылдық жұмыстары тыңдалды.

Автор:REVIZORRO

Май 24, 2021

Жас полиция мүшелерінің жылдық жұмыстары тыңдалды деп,Түркістан обылысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кентау қаласында орналасқан 63 мектептің базасында жас полиция көмекшілерінің қатысуымен «Біз қылмысқа қарсымыз» акциясы өтті. Бір күнде, бір уақытта, бір мезетте өткен акцияда құқықбұзушылықтың алдын алу және зорлық зомбылықты болдырмау мақсатындағы жыл бойы өткізілген профилактикалық түсіндірме жұмыстары қорытындыланды.
Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі мен қалалық ювеналды полиция тобының ұйымдастыруымен өткен іс-шарада санитарлық талаптар толығымен сақталды.
Акцияға ювеналды полиция тобының басшысы, полиция майоры Ж.С.Ахметов, АӘДБ-нің тәрбие саласының әдіскері Н.Кузембаева, жалпы мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, аға тәлімгерлері, жас полиция мүшелері қатысып, жас полиция мүшелерінің жылдық жұмыстары тыңдалды.
Айта кетейік, бүгінде жалпы мектептерде 465 жас полиция мүшелері жұмыс атқарады.

Түркістан обылысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *