• Пт. Дек 5th, 2025

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістан облысының полицейлері 2020 жылдың қарашасынан бері іздеуде жүрген кудікті азаматты ұстады.

Автор:REVIZORRO

Фев 16, 2021

Түркістан облысының полицейлері 2020 жылдың қарашасынан бері іздеуде жүрген кудікті азаматты ұстады деп, Түркістан обылысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Күдікті Сарыағаш қаласында бірнеше адамның мүлкін және ақшаларын ұрлағаны белгілі болды. Аталған жайтқа қатысты Сарыағаш аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен 3-жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын. Күдікті азамат Мақтаарал ауданының тұрғыны болғандықтан мақтааралдық полиция қызметкерлері күдікті азаматқа қатысты іздестіру амалдарын жасайды.
Сондай-ақ күдіктінің жергілікті мекенжайынан кетіп бас сауғалап жүргені белгілі болды. Полицейлер әр көшеге іздестіру жадынамасын іледі. Көрген білген адамдардан сұрастырады. Нәтижесінде мақтааралдық полицейлер ақпарат көздері арқылы күдіктіні Алматы қаласынан мал бағып жүрген жерінен ұстады. Сондай-ақ күдікті өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынды.
Полиция қызметкерлері өз кезегінде тұрғындарға сақ болуды, өз заттарына қырағы болып, мүліктерін сақтау үшін шаралар қабылдау қажеттігін ескертеді. Тәртіп сақшылары мүмкіндігінше үйлер мен пәтерлерге бейнебақылау камералары мен Күзет дабылын орнатуға кеңес береді. Сондай-ақ, терезелерге темір торлар мен кіретін есіктерге сенімді құлыптар қою керек. Егер, сіз, бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға 102 телефоны арқылы хабарласыңыз.

Түркістан обылысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *