• Вс. Май 5th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Су арнасынан табылған мәйіт Өзбекстан азаматының денесі болып шықты.

Автор:REVIZORRO

Авг 17, 2023

Су арнасынан адам мәйіті табылғаны туралы Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауржан Аленов мәлімдеді.

2023 жылғы 14 тамызда Еңбекшіқазақ ауданы ПБ-ға Қайназар ауылдық округінің аумағындағы «ҮАК» су арнасынан азиялық келбетті ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша полицияда тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу іс-шарасы кезінде қаза тапқан адамның жеке басы анықталды, ол Өзбекстан Республикасының 26 жастағы тумасы болып шықты.
17.08.2023 жылы жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 1984 жылғы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол жауап алу кезінде өз кінәсін толық мойындады.
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындаумен барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Ұсталған адам заңнамада белгіленген тәртіппен қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?