• Вт. Апр 30th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Білімнің басқармасы ма, басқарманың білімі ма?

Автор:REVIZORRO

Май 30, 2019

Естеріңіз де болса, 2019 жылдың басында, Шымкент қаласындағы білім басқармасына қарасты балабақшада шомпан атылып, аттестациядан өткен балабақша басшысының әрекеттерінің бейне жазбасы таратылған болатын. Арнайы фейсбук парақшаларында ақпараттар да жарияланды. Бірақ, білім ордаларын басқаратын басқарма болса да, жарияланған ақпарат астына еш қандай мәлімдеме берілген жоқ, НЕГЕ?

Жалған болмасын, мен арнайы 2019 жыл қаңтар айының 21 жұлдызында ресми хат жолдап, соңында прокуратураға жазып, әрең дегенде, БАҚ туралы заңын бұзса да, өз аяғым мен барып, өтініш жасап, 23 сәуірде Айгуль Текебаеваның қолынан көшірмесін алдым. Неге білім басқармасының ресми БАҚ берген сұраныс хатқа 3 айға дейін өздігінен келген хатқа жауап БЕРМЕЙДІ?

Сол 3 айда кешіктіріп, жалындырып берген хаттың жауабында, Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №12 ЖОМның директоры Д.К.А. есімді азаматша, №131 мектептерінің уақытша міндетін атқарушы директоры П.С.Н есімді азаматшалар пара алу күдігі мен 2019 жылдың 14 қаңтарында қылмыстық іс ашылып тергеу жұмысы басталыпты. Мектеп директоры және міндетін уақытша атқарушылары пара мен күдікті болып іс қозғалып жатқанының себебі НЕДЕ?

Себебін мен айтып көрейін өз ойым мен. Маған келген ақпаратқа байланысты метеп директорлығына келген үміткер, комиссия мүшесіне, дирекктор болып отыру үшін, комиссия мүшесіне 20 000 ақш долларын берген екен. Айтуынша директорлыққа өтпек болғандар, 20 000 ақш долларын беріп жатқан көрінеді. Неге басқарма басшысы комиссия мүшесіне сеніп алданғаны белгісіз. Комиссия мүшесі бір адамнан тұрмайтыны белгілі. Бірақ, комиссиядағы бір адамның айтуы мен мәселелер шешілген сияқты, НЕГЕ?

Тағы бір себебі, басшылық буында болуы әбден мүмкін. Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы орынбасары да 1 жарым млндай пара мен қолға түсті және арадан уақыт өте келе өте үлкен мөлшерде айып пұл төлейтін болды деген ақпараттар жазылып жатты. Басқармадағы басшылық тарапынан пара алынса да айыппұл мен құтылып кетебереді ме?

Ал 2018 жылдың аяғында «Сапфир» кафесінде болған жаңа жыл отырысында журналистерді саралап әлде алалап па жинап отырыс жасаған екен. Ал журналистерді күткен білім басшылық құрам, білім басқармасының бюджетінен 1 000 000 нан астам қаржы жұмсалғанын туралы ақпараттар неге ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ?

Шымкент қаласы білім басқармасындағы М есімді азаматша, мектеп директорларына хабарласып, саған арыз келді, бастыққа айтамын деген сияқты сылтаулар айтып, 300 мың теңгелеп қаржы алып отырғаны туралы айтылған дерек бар. Білім басқармасында отырған М есімді азаматша мектеп директорларын қорқытып ақша жеп отырғаны туралы неге ешкім хабарсыз, әлде мектеп директорлары М есімді азаматшадан соншалықты ҚОРҚАТЫН БОЛҒАНЫ МА?

Тағы бір ата- анамын деп таныстырған азаматшадан, мектеп директорлары оқушылардан мектеп РЕМОНТЫНА, 8 наурызға, және мектеп бітіруші түлектерінен мұғалімдеріне, НЕГЕ қаржы жинау тапсырылған?

Әлеуметтік желі де таратылған № 15 мектеп директоры қаржы жиналып жатыр деген мұғалімнің көрсетіп жатқан дәлелдері мен, жарияланған ақпаратқа мәлімедемелер көрінбейді неге, әлде басқармада, жазылған ақпараттарға жауап жазатын адамның жоқтығы ма?

Шымкенттегі № 75 гимназия мектептебіндегі 8 наурызға әр бітіруші сынапқа 35- 40 мың теңгеден, апайларына ақша жинап беру туралы келгенг хабарлама бойынша, кейбір жағдайы жоқ отбасылар, ХОУМ банкінен кредит алып, баламыз мектеп бітіреді ғой деген сынды амалсыздықтан ақша жинаған екен. Мектеп мұғалімдері оқушылардың ата- аналарынан кредитке басын тығатындай етіп қаржы жинағаны НЕ САСҚАНЫ?

Мектептегі оқушылар арасында 2018 жылы 5 бала өзін өлтіруге ұмтылса, 8 оқушы өз-өзін өлтірген. Сонда мектептердегі психологтар не үшін мемлекеттен еңбек ақы алып отыр?

Оқушылар балалық пен қаншама жағдайларға баратын шығар делік. 2017-2018 жылы 2 мұғалім суицидке барған, НЕГЕ?

№50 мектептегі қайтыс болған мұғалімнің ішінде, «Мектептің лаборатория кабинетінде өзін асып қойған»- деген ақпарат ел аузында желдей таратылды. Алай да ол Мұғалімнің үйінде қайтыс болған деп хабар берген хатта Шымкент қаласы білім басқармасы. Сонда жалған ақпарат бергені ме?

№90 мектептегі 2018 жылы 28 сәуірде № 326 физика кабинеті зертханасында жылу құбырына асылып қайтыс болған мұғалімнің жазып қалдырған хаты бойынша БАҚ қызметкерлерін мазаламауын, барлық телеарналарда көрсетпеуін талап ете отырып, өтініш хат жазып, болған жәйтқа ешкімді кінәламауларын талап еткені туралы ресми ақпарат алдым. Мен сенетін шығармын, ал халық бұл ақпаратқа сенбейді деп білемін. Сонда қайтыс болған мұғалімнің айтқанын органдар орындау керек деген заң бар екенін білгім келеді. Мектеп мұғалімі өзіне қол жұмсайды да БАҚ өкілдері жарияламасын деп талап жазады екен. Сонда себебі анықталмай қала береді ме?

№83 мектептің 11 сынып оқушысы өзіне қол жұмсап дүниеден озды. Ал мектептегі тәрбие завучы мұғалімдікке ауыстырылды деп ресми хат келген. Алайда ол завуч өз орнынан кетпегенін естіп, сол завучтың сотта да завуч екенін айтуына НЕ СЕБЕП?

№83 мектепте суицидке барған қыз туралы да ақпараттар көп. Алайда жауап өте аз. Оқушылардың өзіне қол жұмсауы, ақша бопсалауы, қару алып жүруіне мүмкіндіктер неге доғарылар емес?

№102 мектептің мұғалімі ата- аналарды ақша жинап беруін талап етіп, жиналған 25 мыңға ренжіп жүргеніне қарамай, өз орнында жұмыс жасап жүр НЕГЕ?

№102 мектептегі мұғалім өз сөзінде басқа сынап оқушылары апайларына алтын тағып жатқандары туралы да айтқан еді. Неге бұл жөнінде тексерулер мен шара қолданылмаған?

№ 102 мектептің директоры мұғалімге шара қолдануының орнына, сыйға тартылған сағатты алып, кабинетінде сағат жоқ екені және сол сағатты кабинетіне іліп қоятынын айтып сыйлық алғаны туралы аудио жазбалар да келіп жатты, білім басқармасының хабары да бар. Бірақ мектеп басшылығының бұл әрекетінен кейіңгі жағдай, ештеңке болмағандай жалғасып жатқан сияқты. Себебі барлығы өз орындарында жұмыстарын жалғастыруда, НЕГЕ?

Білім басқармасында Г есімді азаматша, Айгул Текебаеваның орнына қол қойып құжат тындырып жатқаны туралы жазып едім. Еш кімді орнынан қоғалғанын көрмедім. Шымкент қаласы білім басқармасында, біреулердің орнынана басқа бірі қол қойып құжат жібере берсе, онда бізге басшылықтар мен заңның ҚАЖЕТІ ҚАНША?

№68 мектеп директорлығына үміткер 2018 жылы комиссияға 20 000 ақш долларын бергені туралы келген ақпарат, әрекетсіз қалды деп санаймын. Комиссия мүшесі 20 000 доллар алғаны туралы комиссия, негеТЕКСЕРІЛМЕЙДІ?

Шымкент қаласы білім басқармасында жұмыс жасайтын М есімді азаматша «анаша шегуден тоқтар емес» сынды ақпараттар келіп жатыр. Ал білім басқармасында АНАША шегетін азаматшалар да жұмыс жасап жүреберетіні неге ешкімнің ең болмағанда қызығушылық танытып тексерілмейді. НЕГЕ?

Ал ақпарат жариялаған журналисті қарғап салған білім басқармасының М есімді азаматшасының әрекеттері туралы ресми хатқада жауап бермей қойды да шарасыз, жауапсыз қалаберді. НЕГЕ?

Ал қазіргі таңда балабақшаларда қызметкерлердің еңбек ақысы берілмей жатқаны туралы да ақпарат басым. Ал жауап тағы да жоқ. Балабақшалар адамдардың еңбегін қанап жатыр ма?

сурет шартты

Сардар Әбдіжақия

Шымкент қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?