• Вс. Май 5th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Пәтер ұрлығымен айналысқан топ ұсталды

Автор:REVIZORRO

Фев 27, 2024

Алматыда пәтер ұрлығымен айналысқан топ ұсталды. Бұл туралы Алматы полиция департаментінің басшысы А. Заппаров мәлімдеді.
Бұл жолы арнайы іс-шара барысында полицейлер төрт адамды ұстады: үш ұры мен бір ұрланған затты сатып алушы.
Криминалдық полицияның мәліметінше, бұл топтың кем дегенде 4 пәтер ұрлығына қатысы бар.
«Бір қызығы, қаскөйлер қала тұрғындарының көпшілігі жұмыста, мектепте немесе іс сапарда болатын уақытта ұрлық жасаған. Оның үстіне «үштік» көпқабатты үйлердің пәтерлерін тонаған. Белгілі болғандай, олар камерадан да тартынбаған: бірнеше қылмыстық эпизод бейнебақылау жүйесі арқылы жазылып қалған. Күдіктілер «Ақбұлақ» ықшамауданында орын алған ұрлықтан кейін ұсталды. Сол кезде қаскөйлер бөтеннің құны 1,5 миллион теңгеден асатын мүлкін ұрлаған», — деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасарының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.
Ұсталғандар қамауға алынды.
ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
Алматы қаласы.
Бейне материал сілтемеде: https://www.youtube.com/watch?v=S9pCg0zUcXk

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?