• Сб. Май 4th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Шымкент қаласында жаңадан судьялар тағайындалды

Автор:REVIZORRO

Фев 27, 2024

Шымкент қалалық сотында жаңадан тағайындалған судьяларды таныстыруға және Н.Әуезовты құрметті отставкаға шығарып салуға арналған жиын өтті. Бұл туралы Шымкент соттары Facebook парақшасында жарияланды.
Шымкент қалалық соты төрағасының міндетін атқарушы Ербол Рахымбеков, қалалық соттың алқа төрағалары мен судьяларының қатысуымен өткен жиынды ашып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 22 ақпандағы Жарлығымен:
— Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына Ахметов Нұрқиса Нұрлыханұлы мен Мүлкібаев Бақытжан Ильясұлы және Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына Қалқабаева Айнұр Қанатқызы мен Сақова Сәуле Сәкенқызы тағайындалды.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметіне, Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып, Әбинұр Бердібекұлы Қарабаев тағайындалды;
Ербол Мұқажанұлы тағайындалған судьяларды жаңа қызметке кірісуімен құттықтап, азаматтардың құқықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және сот төрелігін адал жүзеге асыруды тапсырды.
Сонымен қатар, төраға қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Наурызбай Тәжіханұлы Әуезовті құрметті отставкаға шығуымен құттықтап, «Сіз өзіңіздің саналы өміріңізді заң жолына бағыттап, еңбек жолыңызды прокуратура саласынан бастап, қара қылды қақ жара төрелік етуге арнап, 27 жыл бойы сот саласындағы қызметіңізді адал әрі жауапкершілікпен атқарған атпал азаматсыз.
Сіз елге білімділік пен еңбексүйгіштік сынды жақсы қасиеттеріңізбен білікті судья ретінде танылдыңыз.
Біз, Сізді шын мәнінде, сот жүйесінің құрметті судьясы ретінде білеміз. Бейнеттің зейнетін көретін жасыңыз құтты болсын дей келе, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз және әрқашанда абыройыңыздың асқақ, мерейіңіздің үстем болуына тілектеспіз!» — деді.
Шымкент қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?