• Пт. Май 3rd, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Президенттің жарлығымен Абай облыстық сотына кімдер тағайындалды

Автор:REVIZORRO

Фев 27, 2024

Абай облыстық сотының төрағасы Қайрат Чақпантаев Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 486 Жарлығымен тағайындалған судьяларды планерлық отырыста таныстырды. Бұл туралы Абай соттары facebook парақшасында жариялады.
Жарлыққа сәйкес Семей қаласының № 2 сотының судья лауазымына — Ермеков Сержан Ахметқалиұлы және Сейлханов Эльдар Бауыржанұлы, Семей қалалық сотының судья лауазымына – Диқанбай Шыңғыс Серікболұлы, Оңалбай Азамат Нұртасұлы, Суменов Қамбар Алтынбекұлы, Аягөз аудандық сотының судья лауазымына – Ауғанбай Алтынай Қайратқызы тағайындалды.
Ермеков Сержан Ахметқалиұлы 1992 жылы Бесқарағай ауданы Новая Николаевка ауылында дүниеге келген. Қазақ ұлттық инновациялық заң университетін бітірген. Еңбек жолын 2015 жылы Бородулиха аудандық сотының бас маманы- сот отырысының хатшысы лауазымында бастады. Семей қаласының №2 сотында, Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында, Семей қалалық сотында бас маманы – сот отырысының хатшысы болып жұмыс істеді. ҚР Сот әкімшілігі Абай облысы бойынша департаментінің ұйымдастыру-талдау бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.
Сейлханов Эльдар Бауыржанұлы 1993 жылы Жарма ауданы Шар ауылында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін бітірген. Еңбек жолын 2015 жылы Бородулиха аудандық сотының сот приставы болып бастап, Семей қаласының №2 сотының аға сот приставы болып жұмыс істеді. ҚР Сот әкімшілігі департаментінің Абай облысы бойынша ұйымдастыру-талдау бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.
Суменов Қамбар Алтынбекұлы 1991 жылы Семей қаласында дүниеге келген, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. «Құқықтану» мамандығы бойынша ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистр дәрежесі бар. 2012 жылы ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің жетекші маманы болып жұмыс істеді. ЖШС-де заң кеңесшісі, жеке ұйымдарда бас заңгер, әкімшілік-құқықтық және кадр жұмысы департаментінің директоры болып қызмет атқарды.
Диқанбай Шыңғыс Серікболұлы 1991 жылы Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2012 жылы ҚР Жоғарғы сотында іс жүргізуші болып жұмыс істеді. Астана қаласы Алматы аудандық сотында бас маманы – сот отырысының хатшысы, Астана қаласы соттарының әкімшісі кадр бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінде бас консультант болып қызмет атқарды.
Оңалбай Азамат Нұртасұлы 1991 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша магистр дәрежесі бар. 2014 жылы Алматы қалалық адвокаттар алқасында тағылымдамадан өтті. Жеке ұйымдарда заңгер және одан әрі заң мәселелері бойынша кеңесші болып жұмыс істеді.
Ауғанбай Алтынай Қайратқызы 1992 жылы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. «Құқықтану»мамандығы бойынша магистр дәрежесі бар. 2013 жылы «ҚР – дағы Азық-түлік қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету мәселелері» БЖЗҚ ғылыми жобасы бойынша стажер-зерттеуші болып жұмыс істеді. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы, Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы – сот отырысының хатшысы болып қызмет атқарды.
Іс-шара барысында алғаш рет тағайындалған судьялар салтанатты түрде ант берді.
Жас судьяларды судьялар корпусына таныстыра отырып, өз кезегінде Қайрат Чакпантаев судьяның жоғары жауапкершілігін ерекше атап өтіп, сот төрелігін сапалы іске асыру, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау кезінде заңдылық пен құқықтың үстемдігін сақтауды тіледі.
Сонымен қатар, ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, Жанар Қалиқызы Искакбаева Семей қаласының №2 сотының судьясы лауазымын босата отырып, Алматы қаласы бойынша мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясы болып тағайындалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?