• Пт. Май 3rd, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Маңғыстау облысына жаңадан судьялар тағайындалды

Автор:REVIZORRO

Фев 27, 2024

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына судья тағайындалды. Бұл туралы Маңғыстау соттары facebook парақшасында жариялады.
Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төраға м.а. Н.Примашев жаңадан тағайындалған судьяны ұжымға таныстырды. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 22 ақпанындағы Жарлығымен Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жаңа судья А.Медиев тағайындалды.
Іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төраға м.а. Н.Примашев, Маңғыстау облысы прокуратурасының басқарма прокуроры, аталған соттың судьялары және сот қызметкерлері қатысты.
А.Медиев 2020-2024 жж. Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыру-талдау бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
Н.Примашев жаңадан тағайындалған судьяны құттықтап, сот төрелігін жүзеге асыру жолындағы қызметіне сәттілік тіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?