• Сб. Май 4th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Жаңаарқаға жаңа судья келді

Автор:REVIZORRO

Фев 27, 2024

27 ақпан 2024 жылы Жаңаарқа аудандық сотында Ұлытау облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Кайрат Кунесбекович Шагатаев Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 22 ақпандағы №486 Жарлығымен Жаңаарқа аудандық сотының судьясы болып тағайындалған Назарбек Сандибекович Кузенбаевты таныстырды. Бұл туралы Жаңаарқа аудандық сотының баспасөз қызметі жариялады.
Салтанатты іс-шараға Жаңаарқа аудандық сотының төрағасы Б.К.Каримова, Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары А.Ж.Аманжолов., Жаңаарқа ауданы прокуратурасының прокурорлары М.Ж.Балташ, Д.Е.Алипбаева, И.Е.Бестайбеков, Жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А.К.Тусупбеков және тағы басқа мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.
Н.С.Кузенбаев 1991 жылы туған. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің заңгер мамандығы бойынша жоғарғы білім алған.
Өз еңбек жолын 2010 жылы Тараз қаласының аумақтық бөлімшесінің және Соттар әкімшісінің заңгері болып бастаған.
2015 жылдан бастап 2022 жылға дейін Тараз қалалық сотында бас маман-сот отырысының хатшысы болып, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының бас маман қызметін атқарған.
2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігінің Астана қаласы бойынша департаментінің бас маманы лауазымында қызмет атқарған.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының түлегі.
Жаңаарқа ауданы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?