• Пн. Апр 29th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Мәжілісте «Мемлекеттік сатып алу» заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы өтті

Автор:REVIZORRO

Фев 28, 2024

Мәжілісте «Мемлекеттік сатып алу» заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. Бұл туралы ҚР Парламентінің Мәжілісі парақшасында жарияланды.
Мемлекет басшысы «Мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардың сатып алулары бір платформаға көшуі керек. Бұл тәсілдерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң қабылдау қажет болады» деген еді.
Осы тапсырмасы аясында Мәжіліс депутаттары заңға толықтырулар мен өзгерістер еңгізу туралы талқылады. Аталған заң жобасы бойынша 2023 жылғы қазаннан бастап жұмыс жүргізілуде.
Жұмыс тобының құрамында жауапты мемлекеттік органдар, әкімдіктер мен саяси партиялардың, сонымен қатар сараптама ұйымдарының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері бар.
Отырыста айтылған негізгі мәселе – сатып алуды бір платформаға біріктіру жолдарын қарастыру.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?