• Сб. Апр 27th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Жаңаөзен қалалық сотына судья тағайындалды

Автор:REVIZORRO

Фев 28, 2024

Жаңаөзен қалалық сотына судья тағайындалды. Бұл туралы Жаңаөзен қалалық сотының баспасөз қызметі жариялады.
Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы м.а. Н.Примашев жаңадан тағайындалған судьяны ұжымға таныстырды.
Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 22 ақпанындағы Жарлығымен Жаңаөзен қалалық сотына жаңа судья А.Қосмағанбетов тағайындалды.
Іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы м.а. Н.Примашев және аталған соттың судьялары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
А.Қосмағанбетов 2016-2024 жж. аралығында прокуратура органдарында қызмет атқарған.
Н.Прмашев жаңадан тағайындалған судьяны құттықтап, сот төрелігін жүзеге асыру жолындағы қызметіне сәттілік тіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?