• Пн. Апр 29th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

6 миллион теңге қарызы бар жүргізуші анықталды

Автор:REVIZORRO

Фев 28, 2024

Полиция мен сот орындаушы: Түркістан облысында 6 миллион теңге қарызы бар жүргізуші анықталды. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаменті хабарлады.
Қорғау бағдарламасымен Түркістан облысы ПД жедел басқару орталығының операторлары жүргізуші-борышкердің автокөлігінің орналасқан жерін анықтап, жақын маңдағы полиция нарядына бағыт берді. Қорғау бағдарламасынан түскен дабыл Ордабасы аудандық полиция бөлімі патрульдік полицияның планшетіне берілді, олар «Cadillac Escalade» көлігін көшелердің бірінде тоқтатып, айыппұл тұрағына орналастырды.
Сот орындаушының қаулысына сәйкес аталған көлік құралының жүргізушісіне 6 миллион теңгеге жуық қарыз есептелгені белгілі болды. Тәртіп сақшылары автокөлік иесіне қарызды уақтылы төлеу қажеттілігі туралы ескертті, оны өтегеннен кейін ол өз көлігін айыптұрақтан шығарып алатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?