• Вт. Май 7th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістан облысының полицейлері экстремизм мен терроризмге қатысты іс-шараларды бақылауға алуда

Автор:REVIZORRO

Июн 5, 2019

Түркістан облысы ПД-нің полицейлері экстремизм мен терроризмге қарсы күрес шараларын күшейтуде. Ағымдағы жылдың басынан бастап облыс полицейлері бүкіл әлем жұршылығының қауіпті дертімен күресіп, іс-шаралар кешенін белсенді атқарып келеді. Аталмыш іс-шаралар экстремизм мен терроризм бойынша бекітілген жоспарға сәйкес үнемі жүзеге асады.

Мәселен, ТО Полиция департаменті Жетісай аудандық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген экстремизм мен терроризмге қарсы жедел іс-шаралары барысында есірткі, психотроптық заттар мен сол тектестерді өткізу, заңсыз сақтау іс-әрекеттерін жүзеге асырған жайт анықталды. Бұл іс Жетісай АПБ-не ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру тізіліміне тіркеуге алынды. Облыстың полицейлері анықтағандай, ұсталған азамат бұрын сотты болған деструктивтік діни ағымның ұстанушысы, Жетісай қаласының тұрғыны. Жеделдетілген іс-шараларды атқару барысында күдіктінің тұрғылықты мекен-жайы толық тексеріліп, нәтижесінде 60 грамға жуық есірткі тектес зат табылып, тексере келе табылған заттың «опий» екендігі анықталды. Ұсталған күдікті өзінің заңсыз іс-әрекетіне қарамастан, полиция қызметкерлеріне қарсы күш қолданған.

Қазіргі таңда құрықталған азаматқа байланысты тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. Іске қатысты барлық құжаттар жинақталып, шешім шығарылу үшін сотқа жолданатын болады.

Облыс полицейлері экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бұл қоғам тұрақтылығының кепілі екендігін естеріңізге салады. Сонымен қатар, экстремизм мен терроризмнен сақтану арқылы өз өміріміз бен болашағымызды сақтаймыз. Мүмкіндігінше діни аудио, бейне жазбаларды тыңдағанда да сақ болу керек. Кез-келген өзін имам секілді ұстаған адамдардан уағыз тыңдап, жақын араласудан сақ болыңыз. Сонымен қатар қоғамдық орындарда, адам көп шоғырланған жерлерде тұрған сөмкелерді алудан, ашып көру арқылы қызығушылығыңызды арттырудан абай болыңыз. Күдік тудырған жағдай немесе күдікті зат көрсеңіз, бірден полицияның «102» нөміріне қоңырау шалыңыз. Бұл өз кезегінде экстремизм мен терроризмнің алдын алуға үлкен септігін тигізбек.
Түркістан облысы полиция департаменті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?