• Чт. Май 9th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістан облысы тұрғыны жоғалған сіңлісін тауып берген полицейлерге алғысын білдірді

Автор:REVIZORRO

Июн 6, 2019

Мақтарал АПБ-нің кезекшілік бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, 25 жастағы сіңлісі таңертең дүкенге барып келемін деп шығып кетіп, содан қайта үйге оралмағын айтып арызданады. Аталған жайт аудандық полиция бөлімінде тіркеліп, жоғалған қызды іздеуге байланысты барлық қажетті шаралар жасалады. Жедел-іздестіру шарасына Мақтарал АПБ-нің жеке құрамы және Түркістан облысы мен Шымкент қаласының полиция бөлімдеріне хабар берілді. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Мақтарал аудандық тәртіп сақшылары жоғалған қызды 3 аптадан кейін яғни мамыр айының соңында Шымкент қаласынан аман-есен тапты. Полицейлер табылған қызды үйіне апарып, жақындарына табыстады.

Мақтарал ауданының тұрғыны және оның туыстары аудандық полицейлер мен қызды табуға көмек көрсеткен полиция аға лейтенанты Аят Көшербаевқа кәсіби шеберліктері үшін алғыстарын білдірді.

Естеріңізге салсақ, жыл басынан бері Түркістан облысы Полиция департаментінің криминалды полиция басқармасы мен аудан-қала бөлім қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында 20-дан астам жоғалған азаматтардың ішінде, 9 кәмелет жасына толмаған балалар табылып, ата-аналарына табысталған.

Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін Түркістан облысы полицейлері жақындарыңызбен балаларды қараусыз қалдырмаңыздар және сақ болыңыздар дейді. Ал, егер жақыныңызды жоғалтып алсаңыз, тез арада уақыт жоғалтпай полиция бөлімшесіне хабар беріңіз. Полицияға барарда өзіңізбен жоғалған адамның құжаттарын ала барыңыз. Тәртіп сақшылары ақпарат неғұрлым тез арада берілсе, полицейлерде із-түссіз жоғалған жанның тез табылуына шаралар қолданады.
Түркістан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?