• Сб. Апр 27th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Шымкент қаласы Полиция департаментінің тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған жұмыстарына оң баға берілді

Автор:REVIZORRO

Июн 6, 2019

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Шымкент қаласы Полиция департаментінің тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған жұмыстарына оң баға берді.

2019 жылғы 6 маусым күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді. Агенттік басшысы үшінші мегаполистегі бірқатар кәсіпорындарды аралап, Бауыржан Момышұлы атындағы ҚР ІІМ оқу орталығына барды.

Сондай-ақ, «Шымкент — Адалдық алаңы» жобасының полиция саласы бойынша тұрақты сараптамалық кеңес мүшелері Полиция органдарында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес атқарған жұмыстың нәтижесінде туындаған ұсыныстарды Агенттік төрағасы А. Шпекбаев пен Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахимовқа Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшылығы таныстырды.

Ұсыныстар Агенттік төрағасы А.Шпекбаевпен қолдау тауып, жемқорлықтың алдын алуда өз септігін тигізетінін атап өтті. Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ералы Жумаханбетовке тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою бойынша ұсыныстарды жеке бақылауына алып, сол бағытта жұмыстар атқаруға тапсырма берді. Одан соң қала активімен кездесіп, ҚР Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қалалық филиалының жұмысымен танысты.
Шымкент қаласы полиция департаменті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?