Өкінішке орай, шомылу маусымы басталуымен мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар ешнәрсе қауіп төндірмейтін жерде ауыр жарақат алады. Ал ең күйзеліске әкелетін– жиі ол ересектердің бар кезінде.
ТЖ департаменттің статистикалық мәліметі бойынша 2018 жылғы 6 айында Жамбыл облысы аумағында суға кеткен адамдардың 9 оқиға тіркеліп, оның ішінде 10 адам суға батып кетті, оның ішінде: 4 бала, ал 2019 жылдың өткен кезеңінде суда қаза болған адамдардың 6 оқиға тіркеліп, оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейін 3 бала. Осыған орай, шомылу маусымы уақытысында суда адамдардың қаза болуына жол бермеу бойынша алдын-алу жұмыстары азаматтық қорғау қызметтерінің қызметкерлерімен үздіксіз жүргізілуде. Мысалы, 2017 жылы Талас ауданында суда адамдардың қаза болуының 3 жағдайы тіркелді, оның ішінде 1 адам батып кетті. Көп жағдайда бұл бағытта құтқарушылардың жұмысының арқасында 2018 жыл және 2019 жылдың өткен кезеңінде ауданда суда қаза болу жағдайлары тіркелмеді.
Ағымдағы жылғы 12 маусымында Талас ауданы ТЖ бөлімінің бастамасымен «Жастар ресурстары орталығы» жастар қозғалысының еріктілерімен бірлесіп «Жартас» көліне рейд жүргізіп, онда демалушы қала тұрғындарымен судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау және су пайдалану ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік жөнінде әңгіме жүргізді. Демалушы азаматтар мамандармен және еріктілермен үлкен қызығушылықпен әңгімелесті, сонымен қатар әңгіме соңында тұрғындарына жаднамалар мен буклеттер таратылды.
Сонымен қатар, Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен бірге Қаратау қаласының қоғамдық көліктерінде рейд жүргізіп, онда жолаушыларға жаднамалар таратылып және судағы жүріс-түріс ережелері жеткізді.
Талас ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері осы жағдайды пайдалана отырып, Қаратау қаласының мектеп жанындағы балалар лагерінде өткізілетін іс-шараларға қатысты. Демалушы балалармен және жетекшілермен диалогта мамандар су қауіптілігін айтып, құтқару құралдарын көрсетті, атап айтқанда: құтқару кеудешесі мен дөңгелектері, «конец Александрова» арқанын көрсетті. Ал іс жүзінде судан батып бара жатқан адамды судан шығару, басып алудан босату және зардап шегушіге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету әдістерін көрсетті. Кездесу соңында жаднамалар, буклеттер мен кітапшалар таратты.
Осындай бірлескен жұмыс судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру бойынша жастар қозғалысының еріктілерімен жазғы шомылу маусымы аяқталғанға дейін жалғасатын болады.
Талас ауданы ТЖ бөлімінің бастығы
азаматтық қорғау подполковнигі
Сыздыков Ғалымжан
