• Вт. Май 7th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Түркістан облысының тәртіп сақшылары республикалық «Жолда қабылдау» акциясының бірінші күнін қорытындылады

Автор:REVIZORRO

Июн 14, 2019

Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың тікелей тапсырмасы бойынша тұрғындармен кері байланысты қамтамасыз ету, халыққа жақын болу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында полиция құрылымдарының басшылары мен тәжірибелі мамандар азаматтарға қабылдау өткізді.

«Жолда қабылдау» акциясы 2019 жылдың 14 маусымы күні таңғы сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін жалғасты. Облыс орталығы Түркістан қаласының Есімхан алаңы мен Тәуке хан көшесінің бойындағы Қуаныш базарында және Қазыбек би, Отырар м/а, Т.Бокин м/а тұрғын-үй ауласында, №1 м/а, О.Жарылқапов және Ә.Сандыбай көшелерінде және облысқа қарасты 16 ауданда ұйымдастырылды.

Акция аясында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көші-қон заңнамасын сақтау, автокөліктерді тіркеу, көлік құралдарын қайта жабдықтау, жол жүрісін ұйымдастыру, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл төлеу мәселелері қаралды.

Арнайы жабдықталған автобустар мен ашық аспан астында отырған білікті мамандар қатарында: әкімшілік полиция, жол-техникалық инспекция, жергілікті полиция, көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері мен басшылары болды. Акцияның бірінші күнінде, яғни 14 маусымда облысымыздың барлық қала, аудандары бойынша 1200-ден астам азамат құқық қорғау органы қызметкерлерінің көмегіне жүгінді. Ал, бұл жолғы акция 14-15 маусым күндері өткізілуде.

Кез-келген тұрғын немесе қала қонағы өздерінің полиция қызметіне қатысты сұрақтары мен көкейіндегі өтініштері болса акцияға белсенді қатысуға шақырамыз. Халыққа жақындауды басты мақсат санаған сақшылар әрқашанда қызметке дайын.
Түркістан облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?