• Сб. Май 4th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Тараз: Жаңа туған нәрестесін алып кеткен

Автор:REVIZORRO

Июл 12, 2019

Жамбылдық полицейлер ізін суытпай ауыр қылмысты ашты- деп хабарлады Жамбыл облысы Полиция департаменті

Ағымдағы жылдың 8 шілдесінде Тараз қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына әйел адамы хабарласып, облыстық перинаталдық орталықтан оның жаңа туған нәрестесін алып кеткенін мәлімдеді.

Баланы іздестіру операциясын Тараз қалалық Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Ардақ Мадимаров басқарды. Қылмыстың ашылуына облыс орталығының Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері белсенді қатысты, олардың күштерімен бейнекамералардағы материалдар зерттелді. Жақын маңдағы барлық тұрғын үй секторы, қонақ үйдің барлық нөмірлері тексерілді. Нәтижесінде нәресте қонақ үйлердің бірінен табылды.

Ауыр қылмыс екі сағат ішінде ашылып, бала анасына қайтарылды.

Баланы алып кетті деген күдікпен Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қаракемер ауылының 22 жасар тұрғыны ұсталды.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 135-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды (адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен кәмелетке толмағандар саудасы), оның санкциясы мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Қазіргі уақытта күдіктінің өзінің кішкентай сәбиі бар екені ескеріле отырып, бұлтартпау шарасы қарастырылуда.
Жамбыл облысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?