• Сб. Май 4th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Егістік алқабындағы қауіпсіздік

Автор:REVIZORRO

Июл 12, 2019

Байзақ ауданы аумағында ағымдағы жылы егілген дәнді дақылдардың жалпы ауданы 13 мың 836 гектарды құрады, егін орағына 26 дана бидай оратын комбайндар жұмылдырылды. 2019 жылғы 12 шілдедегі жағдай бойынша аудан аумағында 6 мың 15 гектар дәнді дақылдар орылды.

Ауылшаруашылығы субъектілерінің бірінші басшыларымен және жұмысшыларымен өрт қауіпсіздікті сақтау, оның ішінде ауылшаруашылық алқаптарда өсімдік қалдықтарын және басқа да егін қалдықтарын өртеуне жол бермеу, сондай-ақ ауылшаруашылық техникалырын өртке қарсы жағдайға келтіру жөнінде нұсқаулықтар жүргізіліп жадынамалар таратылуда. Яғни, ауылшаруашылық алқаптарында өрт қауіпсіздікті сақтау бойынша 7 нұсқаулық жүргізіліп, 21 адамды қамтыды. Ауылшаруашылық субъектілерінің 9 басшысының қатысуымен табиғи өрттерге жол бермеу және өрт кезіндегі іс -әрекеттер бойынша 1 дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

Табиғи өртті алдын алу мақсатында мемлекеттік өрт бақылау, жергілікті полиция қызметі және жергілікті атқарушы органдардың жеке құрамымен 13 бірлескен мобилді топ құрылды, олармен далалық алқаптарда өрт қауіпсіздікті сақтау және бақыланбайтын ауылшаруашылық өртеулерді алдын алу жөнінде 31 рейдттер жүргізілді. Құрғақ шөптерді және қалдықтарды жағуға жол берген 8 жеке тұлға әкімшілік жауапкепшілікке тартылып оларға 30 мың 300 теңге айыппұл салынды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында үгіт-насихат жұмыстары жандандырылды, барлығы 22 мақала жарияланды, оның ішінде теледидер арқылы 1, баспа беттерінде 6 және радиода 15 мақала жарияланды. Байзақ ауданындағы LED дисплейде, табиғи өрттердің алдын алуға бағытталған бейнероликтер жарияланды.

Атқарылған жұмыстарға қарамастан облыс аумағында бидай егістік алқапта бір өрт орын алды 190 га. Яғни, 2019 жылғы 8 шілдеде 13 сағат 01 минутта Т.Рысқұлов ауданы, Өрнек а/о, шаруа қожалығының қарасты жерінде, шығыны мен себебі анықталуда. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Берік Сатыбалдиев,

Байзақ ауданы ТЖ бөлімінің аға инженері

азаматтық қорғау подполковнигі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?