• Вс. Май 19th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Алаяқтық бабы мен іс қосғалды

Автор:REVIZORRO

Июл 19, 2019

Пәтерді жалға беруде алаяқтық жасады деген күдікпен бір адам ұсталды.
Ағымдағы айдың басынан бастап полицияға пәтерлерді жалдап, басқа біреулерге қайта жалға берумен байланысты алаяқтық бойынша арыздар келіп түсуде. Осылайша, жәбірленушілердің барлығы бір ер адамды сипаттады.
Ағымдағы жылғы 17 шілдеде жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полицейлер 39 жастағы бұрын сотталған Шығыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады.
Тергеп-тексеру жүргізу барысында ұсталған адам интернет ресурстары арқылы пәтерлерді жалға беру туралы хабарландыруды тауып алып, иелерімен 1-2 тәулікке (7-10 000 теңге) жалға алатыны туралы келіскен, өзі сол уақытта үшінші тұлғаларға 100-130 000 теңгеге ұзақ уақытқа жалға беріп отырғаны анықталды
Қазіргі уақытта оның 8 осыған ұқсас қылмыс жасағаны дәлелденуде. Ұсталған уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Алаяқтық» бабы бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде. Елорда аумағында бұрын жасалған қылмысқа қатысы тексерілуде.
Полицейлер осы тұлғаның заңсыз әрекетінен зардап шеккен азаматтарды «Бейбітшілік» көшесі 19 мекенжайында орналасқан Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне немесе 8 (7172) 71-60-24, 71-60-69 немесе «102» телефондарына хабарласуды және сақ болуларын сұрайды.
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?