• Вс. Май 19th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

28 жасар қала тұрғыны қолға түсті

Автор:REVIZORRO

Июл 19, 2019

Нұр-Сұлтан қаласының Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында қатарынан бірнеше рет алаяқтық жасаған 28 жасар қала тұрғынын қолға түсірді.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты 5 алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ​Тергеу барысында белгілі болғаны ол жәбірленушілерге банкте кепілде тұрған автокөліктерін алып беремін деп уәде еткен.
​Қолға түскен азамат Нұр-Сұлтан қаласы ПД Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның осы тәріздес бұрын орын алған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.
Осы тұлғаның құқыққа қарсы әрекетінен зардап шеккен азаматтар болса, Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне: Бейбітшілік көшесі 19 үй мекен-жайы бойынша және 8 (7172) 71-60-24; 71-60-69, 8 701 533 57 58, 8 702 555 93 23 немесе «102» телефон нөміріне қоңырау шалуларыңызға болады.
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?