• Вс. Май 19th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

ІІМ қызметкерлері және Қостанай облысының полицейлері өңірде есірткі өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады.

Автор:REVIZORRO

Июл 19, 2019

Қылмыскерлерді құрықтау жергілікті полиция департаментінің арнайы мақсаттағы жасағының қатысуымен Рудный қаласы мен Федоров ауданының аумағында жүргізілді.

10 адамнан тұратын тұрақты қылмыстық топта ұйымдастырушы, курьер, өткізуші, жеткізушілердің рөлдері нақты белгіленген. Қазіргі уақытта топтың 6 мүшесі уақытша ұстау изоляторына қамалды, 4-еуіне қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қабылданды.

Полиция қызметкерлері ұстау және тінту іс-шаралары барысында 400 грамм героин, 3 млн. 550 мың теңге, 6 мың 400 АҚШ доллары сомасында ақшалай қаражат, алтын бұйымдар және өздері қолданып жүрген 5 автомашина тәркіледі.

Заңнамада аталған қылмыстар үшін мүлкін тәркілеумен 12 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Нұр-Сұлтан қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?