• Пн. Май 6th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Қырғызстан азаматтары Жамбыл облысына экстремистік әдебиеттерді кіргізбекші болған

Автор:REVIZORRO

Июл 19, 2019

Діни экстремизм мен терроризм көріністеріне қарсы іс-қимыл жасау мақсатында, Жамбыл облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

2019 жылдың басынан бері Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және пайдалануға сотпен тыйым салынған экстремистік мазмұндағы 26 кітап тәркіленді.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ағымдағы жылдың сәуір және мамыр айларында Меркі ауданында орналасқан «Сыпатай батыр» шекаралық бақылау пункті арқылы сотпен тыйым салынған экстремистік мазмұндағы діни әдебиетті ҚР аумағына әр түрлі уақытта кіргізбекші болған Қырғызстанның үш азаматын ұстады.

Олардың әрқайсысына Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 453-бабы бойынша әкімшілік жаза тағайындалды.

Жамбыл облысы Полиция департаменті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?