• Пт. Апр 26th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

Л. Асанова: «Білім бөлімінің күлін көкке ұшырамын, ауданның быт-шытын шығарамын»

Автор:REVIZORRO

Июл 31, 2019

«Л. Асанова тарапынан » Білім бөлімінің күлін көкке ұшырамын, ауданның быт- шытын шығарамын» егер сіңлімді жұмысқа коймасаң, тендер бермесең деген қорқыту, бопсалау (бетпе-бет, телефон аркылы), фейсбук желісінде маған жала жабу, каралау посттары жариялана бастады»- деп, ресми ақпарат берген аудандық білім бөлімі басшысы Роза Аманова, қазіргі таңда, ҚР ҚК-нің 181 бабы мен бопсалау фактісі арқылы Л. Асановаға іс козғалғаны туралы әлеуметтік желі арқылы ресми хабарлады.

Алайда Л, Асанова ағымдағы жылдың сәуір айында, жала жабу, жалған ақпарат тарату фактілерімен сотқа берілген. Сілтемеден көре аласыздар. Толығырақ https://www.facebook.com/100005325377496/videos/1061053487415487/
Нәтижесінде ҚР ҚК-нің 130 бабы, 2 және 3 тармактарымен кінәлі деп танылғанын сілтемеден көріп, оқуға болады.
Толығырақ оқу үшін:

Төлебилік тілші, блогер, медиатор, соттан жеңіліс тапты!


Толығырақ, бейнежазба арқылы көру үшін:

Түркістан облысындағы Төле би ауданы білім бөлімі басшысы Роза Аманованың, Тілші-медиатор Ләззат Асанова (Жақсынова) ның арасындағы дауға нүкте қойылып, сот үкімі оқылды.Судья әділ шешім қабылдады. толығырақ сәлден соң https://astarlyakikat.kz сайтынан оқи аласыз. Әзірге бейне жазбаны ұсынамын.Анара Сулееваның фейсбук парақшасынан алынды

Опубликовано Сардаром Абдижакией Среда, 17 апреля 2019 г.

Сол сот отырысы жүріп жатқан кезде, «ДВК-ның қолдаушысы- экстремист қолдаушысы емес пе?»- атты мақала жарық көрген. Толығырақ:

ДВК-ның қолдаушысы- экстремист қолдаушысы емес пе?


Журналисттік зерттеу барысында, атап өткім келген тағы бір қаншама жәйттерді тілге тие кетуіме тура келеді.

«Білім бөлімінің күлін көкке ұшырамын, ауданның быт-шытын шығарамын»- деген сөздер, аудандағы медиатор деген аты бар анаға жарасатын сөздер ме?
Ауданға белгілі медиатор Л. Асанова, медиация жүйесіне лайық әрекет жасады деп ойламаймын. Себебі, Медиатор- ол, дауласқа екі тарапты татуластыратын, сотқа істі жеткізбей дауларды шешетін, кәсіп егелері. Әлде медиаторлар палатасы, «быт-шытын шығарып, күлін көкке ұшыруды» үйретіп жатыр ма?

Журналист- халық пен биліктің арасындағы алтын көпір, 4 билік егелері- деп атап жатамыз. Шынында да 4 билік егелері емес пе, халықтың мін-мұқтажын билікке жеткізіп, биліктегі ақпараттарды халыққа тарататын?

Л. Асанованы журналист, өзінің редакциясы, яғни газетасы да бар деседі. Редакция басшысы, журналист кісі, быт-шытын шығарып, күлін көкке ұшыратын кәсіп егелері емес! Журналист тіпті дөрекі сөз айтуға ақысы жоқ!

Л. Асанова шыныда да, М. Аблязовтың экстремист деп танылған ДВК ұйымына қатысы бар ма деген арам ойлар маза бермей кетті. Себебі экстремисттер ғана быт-шыт шығаратын, күлін көкке ұшыратындар десем қате болмас. Дұрыс адам, арам ой мен жаман ниетті сөздерді айтпайды емес пе?

Алайда Аудандағы медиатор, журналист, ҚР ҚК-нің 130 бабы мен қылмыстық жауапқа тартылған болса, медиация жүйесі мен елді қай беті мен татуластырады?
Мейлі ұят деген жоқта шығар, Медиаторлар палатасы, қылмыстық жауаппкершілікке тартылып кінәлі болған медиаторды, қолдап отыра береді ме?

Журналистика саласында, билік пен халық арасындағы дәнекер болып, жүрген кәсіб егесі, қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматшаны журналист деп қабылдап, қоршауында қашанға дейін сақтайды екен? Қылмыстық жауапкелшілікке тартылып, істі болған журналистті, қоғамдағы мәселелерге араласқаны қаншалықты заңды?
Қылмыскер адам журналистика мен айналысуына РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН БЕ?

Қылмыстық жауаптылықта тартылып, сотты болған азаматша, ҚР президенті Қ. Тоқаевқа хат жазып, әлеуметтік желіде елді дүрліктіріп жатқаны жалған емес. Жасанды диплом мен жұмыс жасап жатқандай, Төле би ауданы білім бөлімі басшсының үстінен арызданып жүрген сияқты. Алайда «медиатор» ханым Л. Асанова, қылмыскер болып тұрған жоқ па, жалған ақпарат таратып, адамның жеке өміріне қол сұғып, қадір қасиетіне нұқсан келтіріп?

Егер жасанды диплом мен жұмыс жасап жүрген білім бөлімінің басшысын тексеретін аудан әкімі, аудан прокуроры, аудандық полиция бөлімі, Облыстық деңгейдегі лауазымды қызметкерлер мен, орган басшылары бар емес пе? Әлде аудан мен облыстық орган басшылары мен, аудан және облыс әкімдерін, білім басқармалары мен білім бақылау департаменттерін жоқ деп санайды ма? Мүмкін бір қаншама биліктегі басшылар мен орган қызметкерлерін менсімбеушілік шығар?

Аудандық білім бөлімінің басшысы Роза Аманова, қазіргі таңда жумыс аткарып жатқан диплом бойынша жан-жакты тексеру жургізіліп, диплом заңды екені расталғаны туралы ресми жауап берді. Жұмыс жасап жатқан дипломы заңды деп танылған болса, атқарып жатқан жұмысына қатысы жоқ құжаттар мен жәйттерді араластырып, президентке хат жолдаудың қажеті қанша?

Бір ауданды бүкіл жер шарына жаман атты етіп көрсетіп жатқан журналистке жаза бар ма екен?

Аудандық білім бөлімі басшысы Роза Аманованың, «Жасанды диплом» атты ақпараттарға ресми жауабы

Құрметті Сардар Абдижақия, маған қойылған сұрақтарыңыз бойынша төмендегіше жауап беремін:
Аудандық газеттің директоры, өзін «кәсіби медиатор, журналист, блогер»- деп, таныстырушы фейсбук желісінің белсенді колданушысы Асанова (Жаксынова) Лаззат ханымның қайта-қайта көтеріп жүрген бұл маселелері бойынша бірнеше рет жауап берілген болатын. Л. Асанованың сіңлісі Н. Асанова 2018 жылдың 13- ақпан күні аудандык соттың жеке қаулысы негізінде «Педагогқа жат қылық танытқаны ушін «кінәлі»- деп танылып, ҚР Еңбек Кодексіне сайкес жұмыстан босатылған болатын. Н. Асанова тарапынан аудандық, облыстық сотқа берген «Қызметіне қайта орналастыру» бойынша берген арызы қанағаттандырусыз қалдырылған. Алайда, Н. Асанованың көп балалы ана екендігін, көп жылдық еңбегін ескеріп бірнеше мектептен жұмыс ұсынғанымызда кабылдамай ұсынысымызды кері қайтарумен болды. Сол күндерден бастап әпкесі Л. Асанова тарапынан » Білім бөлімінің күлін көкке ұшырамын, ауданның быт- шытын шыгарамын» егер сіңлімді жұмысқа коймасаң, тендер бермесең деген қорқыту, бопсалау (бетпе-бет, телефон аркылы), фейсбук желісінде маған жала жабу, каралау посттары жариялана бастады. Соның ішінде мектептерге алынған робототехника құрылғылары, жалпыға міндетті білім қорынан берілетін мектеп формасы да айтылған болатын. 2018 жылы тұрмысы төмен отбасыдан шыккан балаларға комек ретінде жергілікті бюджеттен 15.000.000 қаржы бөлініп, конкурс негізінде «Қазақ Соқырлар коғамы КБ Төлеби» жеңімпаз атанып, 420 баланы мектеп формасы, аяқ- киім, спорттық киім, спорттық аяқ-киім мен камтыды. Ал робототехника сатып алу бойынша конкурсты облыстық білім баскармасы өткізіп, жеңімпаз мердігер 9 мектепке жалпы құны 52 000 000 тұратын кұрылғыларды жеткізіп берген. Жоғарыда аталған маселелер бойынша жала жабу, жалған ақпарат тарату фактілерімен Л. Асанованы сотқа беріп, нәтижесінде ҚР ҚК-нің 130 бабы, 2 және 3 тармактарымен кінәлі деп танылған. Қазіргі таңда Л.Асанованың үстінен ҚР ҚК-нің 181 бабы мен бопсалау фактісімен іс козғалған. Жеке басыма қатысты маселе бойынша, 1995 жылы Туркістан каласындағы Абай атындағы мектеп интернатын өте жаксы- деген бағамен бітіріп, қызыл аттестат пен Қазақ-Турік Университетінде филология факультетінің кундізгі бөліміне оқуға түскен болатынмын. Алайда сол жылы тұрмыс құруыма байланысты 1 ші курстан соң аталған Университетті жалғастыруға мумкіндік болмады. Казіргі таңда жумыс аткарып жатқан диплом бойынша жан-жакты тексеру жургізіліп, диплом заңды- деп танылган. Ал колледж дипломына қатысты кейбір маселелер бойынша тергеу жүріп жатқандығын мәлімдеймін. Алайда аталған колледж дипломы мен еш жерде жұмыс атқарған емеспін, құқық қорғау органдарының қорытындысынан соң нақты жауап берілетін болады. Төле би ауданы білім бөлімінің басшысы Роза Аманова.
PS: Бүгін, 31.07.2019 жылы Арнайы әлеуметтік жеіде сұраныс жолданған болатын. Толығырақ сілтемеден:

Құрметті, Түркістан облысы, Төле би ауданы білім бөлімі басшысы Роза Аманова!Сізден, ҚР ҚК-НІҢ 158-159 баптарын, және…

Опубликовано Сардаром Абдижакией Среда, 31 июля 2019 г.

Журналистік зерттеу жұмыстарын қорытындылай отырып, Төле би ауданы білім бөлімінің білім басшысы Роза Аманованың, оған қоса мұғалімдердің мүддесін қорғай білгеніміз дұрыс болады деген пікір мен, Роза Аманова жұмыс жасап жүрген диплом, заңды екені расталған. Демек жазылып жатқан жәйттер жалған немесе араңдату үшін қолданылатын ақпараттар деп түсінеміз!
Алдағы күндерде Л. Асанованың ҚР ҚК-нің 181 бабы мен бопсалау фактісі арқылы іс козғалған. Қалған істердің нүктесін тек сот қоятын болады.. Сот отырысындағы соттың шешімдері және жария етілуге рұқсат етітетін ақпараттарды рас не жалған екенін арнайы бақылайтын боламыз.
«REVIZORRO»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?