• Вс. Апр 28th, 2024

REVIZORRO

БАҚЫЛАП КӨРЕЙІК — ДАВАЙТЕ ВЗГЛЯНЕМ

250 000 теңгеден астам қаржыға сатып алынған билетін жасанды деп арызданған.

Автор:REVIZORRO

Авг 15, 2019

Шетелге жалған билет сатқан алаяқ ұсталды- деп хабарлайды Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

6.08.2019 жылы Шымкент қаласының Полиция департаментіне қала тұрғыны қаладағы туристік агенттіктердің бірінен шетел мемлекетіне құны 250 000 теңгеден астам қаржыға билет сатып алып, кейін аталған билеттің қолдан жалған жасалғандығы анықталғаны туралы айтып арызданған. Полиция қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізу барысында алаяқтық жасаған күдіктіні анықтап, Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына жеткізді.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен «Алаяқтық» сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Шымкент қаласы.
сурет шартты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
revizorro.kz whatsapp
Сәлеметсіз бе?
Здраствуйте?